ҚҰРМАНҒАЛИ АШАНОВ КІМ?

714 рет оқылды

Қаржыгер ме? Журналист пе? Жазушы ма? Кәсіпкер ме? Тарихшы ма?

Бәрі де! Бір сөзбен айтқанда – сегіз қырлы, бір сырлы қазақтың нағыз Азаматы!

Ол Қаржы министрлігінде жүріп Мүсірәлі Пір туралы тарихи материалдарды жинап, Мүсәрәліні қожалардан (араб елінен бізге ислам дінін алып келген нағыз қожалардан) арашалап алып, оның Жетірудың Керейт ұрпағынан тарайтындығын дәлелдеп, бірнеше кітаптар шығарды. Құрманғали Ашанұлы «Қазақ әдебиеті» газетіне бірнеше дүркін  қарсы мақалалар жариялап, мүйізі қарағайдай жазушылардан Тайлақ батырдың керейт екендігін дәлелдеп шықты. Қазір Тайлақ батырдың ұрпақтары Ақмола  облысында тұрып жатыр. Кәсіпкер бола жүріп осы кәсіпкерлікке қазақтарды үйрету, баулу жолдарын іздеп кәнігі жазушылардай  бірнеше оқу құралдарын дайындап, қазақ кәсіпкерлер қауымдастығын құруға тікелей қатынасты. Әсіресе, бір қуанарлығы қаншама қазақ, өз жеке кәсібін ашып алып  қазір жұмыс істеуде. Қазақтың  ұлттық мүддесі тілі мәселесі көтерілген кезде, әсіресе телеарна, газет, жорнал беттерінде, талай дөңгелек үстелдерге қатынасып қарамталы жорналист екендігін көрсетті, бюджетпен күн көріп отырған жорналистердің тілінің қысқалығын, мәселенің мән жайын, жан-жақты көрсетіп бере алды.

Құрманғали тарихшы болмаса да қазақ тарихын, соның ішінде Керейт хандығына байланысты мәселелерді шешуде үзбей ат салысып келеді. Шыңғысханның келіндерінің керейт  қыздары екендігін де бірінші жазған да осы Құрман болатын.

Сын түзелмей, мін түзелмейді деген, Құрманғали сияқты ешкімнен қаймықпастан, сөздің шынын айтатын, мәселенің мәйегін шағатын, ешкімге тәуелсіз Азамат біздің қазаққа керек-ақ! Құрманғали Ашанұлын бүкіл республика жақсы біледі, оның  аталарына ұқсаған мұртынан.

 

АХМЕТОВ  Ж.Б.

профессор.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған