МАҢЫЗЫ ЗОР ЖАҢА КIТАП

204 рет оқылды

Жуықта Алматы қаласындағы ЖШС «Самара-Принт» баспасынан кәсiпкер Құрманғали Ашанұлының «Қазақ кәсiпкерiнiң әлiппесi» атты кiтабы басылып шықты. Шағын және орта кәсiпкерлiкке байланысты қазақ тiлiнде шыққан еңбектердiң тапшы екендiгiн ескерсек, жарық көрген бұл жаңа кiтаптың қалың оқырман қауымға берерi мол шығарма боларына күмән болмаса керек. Онда аса күрделi бизнес саласының қыр-сыры жан-жақты ашылып, өз iсiн бастаймын деген кәсiпкерлерге нақты ақыл-кеңестер берiлген. Кiтаптың құндылығы – мұндағы мысалдар мен ақыл-кеңестер аспаннан алынбай, кәсiпкердiң өз басынан өткiзiп, сол саланың ыстық-суығына күйе жүрiп шығарған қорытындылары, түйген тұжырымдары түрiнде теория емес, шынайы өмiр тәжiрибесiнен алынғандығында. Еңбек ЖОО-ның экономика факультетiнде оқитын студенттер үшiн таптырмас оқу құралы десек, артық айтқандық емес. Сондай-ақ, аталған кiтап кәсiпкерлiкпен айналысуға ниет бiлдiрген барша адамдарға да арналған. Кiтапты оқыған әрбiр адам оның iшiнен өзiне керектi ақыл-кеңестердi табары сөзсiз. Осындай теориямен ғана шектелмей, шынайы өмiр тәжiрибесiнен алынған мысалдарға құрылған кәсiпкерлiкке арналған кiтаптар саны арта түссе, қандай ғанибет болар едi. Жаңа кiтапты оқуға асығыңыз, оқырман қауым!

«Заман -Қазақстан»№15, 13 сәуiр, 2007 ж.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған