Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ. КӘСIПКЕРЛIК  ЖАЙЛЫ ҚАЗАҚША ТҰҢҒЫШ КIТАП

 

Таяуда Құрманғали Ашанұлының «Қазақ кәсiпкерлерiнiң әлiппесi» атты кiтабы жарық көрдi. Елiмiз нарықтық экономикаға көшкеннен берi шағын кәсiпкерлiк жайлы қазақ тiлiнде кiтап шығып көрген емес. Осы орайда Құрманғали Ашанұлының еңбегi – кәсiпкерлiк жайын қозғайтын тыңнан түрен салған тұңғыш кiтап. Автордың тың iзденiсi, құнды ой-тұжырымдары жеке кәсiпкерлiкпен айналысуға бел буған азаматтарға көмекшi құрал болары сөзсiз. Өйткенi бұл кiтапта шағын және орта кәсiптiң өркендеуiне апарар жол, кәсiпкерлiк төңiрегiнде қордаланған мәселелердi шешу мен кедергiлердi жеңудiң жолдары егжей-тегжейлi баяндалады. Автордың өзi кәсiпкер болғандықтан, өзiнiң iс-тәжiрибесi арқылы меңгерудiң жолдарын көрсетедi. Сонымен  қатар, автор нарыққа төселудiң қадау-қадау қағидалары мен кәсiпкерлiкте жетiстiкке жету жолындағы ақыл-кеңестерiнiң басын ашып, талдап айтады. Кiтап жеке кәсiпкерлiкпен айналысқысы келетiн қалың оқырманға, жоғары және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарына арналғанына қарамастан, кез келген азаматтың кәсiпкерлiкпен айналысуға қызығушылығын оята алады.

«Жас Алаш», №37, 08.05.07 ж.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған