Қайрат ӘРIПБАЙҰЛЫ. Арнау өлең
***
I
Күлiмдеп күлсе, күлкiсiнен күн шығар,
Жiгiтсiз ғой бiр туар.
Белiнде соткасы мен сейфтiң кiлтi бар
көзiлдiрiктiң астында
кiм қиналса ұмтылар
Дұшпандары қылқынар
өрге қараған мұрты бар.
II
Әлiппесiн Ахаңның
Кәсiппенен жалғаған.
Балта жасап балғадан
Жүрегiнде арман – ән.
«Қайтсем, қалай, бар болам»
2030 – қолдаған
жүрегiнде қаламы
Тарихты да қозғаған
Өрге бассын деп, өз – елiм
өрге қараған мұртына,
Қараймын да таң қалам.
Қабылдаңыз – Құреке
Әзiлiмдi – аздаған
Жете алмайды – шындыққа
Инемен құдық қазбаған,
III
Мұсылманның туы жасыл
Кiтаптың мұқабасы жасыл
Iшi толған ақыл
Iшi емес сыртында да
Теңге шашылып жатыр
Ата-бабалары Абыз-Батыр
Бiздiң Құрекең,
осындай, осындай
Кiтаптарды жазып жатыр.
IV
Сырдың бойында туып
Ата-жолын қуып.
Елдiң отын жағып
Үйiн жылытып.
Бiр көргенде мұрты сестi
сырт келбетi суық.
Жақынырақ сөйлессең
кетедi iшiң жылып.
Қайрат ӘРIПБАЙҰЛЫ.
20.03.2009 ж.