ҚҰРМАНҒАЛИҒА

219 рет оқылды

Бiр iнiң келiп едiм бар дегенсiң,

Қажырлы, қайырымды да жан дегенсiң,

Қалдырмас артқан жүктi ауыр жолда,

Қиыннан алып шығар нар дегенсiң.

 

Көзiммен келген едiм көрейiн деп,

Асып бiр, көңiл өсiп, мерейiм деп.

Жолығып жақсы iнiге, қуанышты

Жарқылдап бiрге өзiмен бөлейiн деп.

 

Түбiне бұл жалғанның кiм жетедi,

Жолменен жақсы жүрген сұм да өтедi.

Деген ғой дидар ғайып тiршiлiкте,

Амандасу адамға мiндетi едi.

 

Қол жайып келген жоқпын сұрайын деп,

Жағынып жалған сөйлеп ұнайын деп.

Көтерген ел еңсесiн өздерiңдей,

Жiгiтке жүрiм берсiн Құдайым тек.

Ағаң: қолы.

***

 

Құрманғали iнiм өзiңе  – Алланың нұры жаусын деп сәлем бере келдiм. Алақан жәйiп келмедiм, сұрана келмедiм. Тек, Алты Алаштың бiрегей ұлы ретiнде Менiң бауырым – Құрманғали тұңғыш рет Ана тiлiмiзде Сауда заңдылығының мұсылман қазаққа арнап нұсқасын сәттi жазды. Бұл – елдiктiң нышаны, Ерлiктiң елесi. Тiлдiң мәртебесi әлемде көп жерде жүрген  КЕРЕЙТ-тiң азаматтығы. Сол үшiн Ашанұлы өзiңдi құттықтаймын.

Алла iстерiңе береке берсiн!

т. 53-07-04 үй. Ағаң: қолы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған