Нұрлыбек САМАТҰЛЫ. ҚҰРМАНҒАЛИ АҒАМА

 

Бизнестiң майын iшкен майталман,

Басқа теңеу тауып оған айта алман.

Әрбiр үйге жылу сыйлап, пеш әкеп,

Қыстың бетiн қаймықпастан қайтарған.

 

Болса дейдi басқаға емес, ұлтына,

Ал, қазағы риза оның мұртына.

Пешi тұрса, әрбiр үйде гүрiлдеп,

Аяз ығып кетер үйдiң сыртына.

 

Жазуға да машықтанды кәсiпкер,

Келе жатыр осы жолда шашып тер.

Бизнестiң әлiппесiн жазды ғой,

Сенбесеңiз «Ана тiлiн» ашып көр.

 

***

 

Елiң сыйлар iнiм едiң Құрманым

Тұла бойың тұнған екен талантқа.

Ей, Алла деп бұл ағаң сұрайды

Өрлей берсiн әрқашанда талабың.

 

***

 

Iнiм-ау мен өзiңдi дедiм шынар

Азамат деп айтамын сөздi ұғар.

Жол пүлға ағаңа көмектесшi,

Екi жүз ердiң құны емес шығар.

 

***

 

Құрметпен саған сыр айтам,

Бауырым едiң ер Құрман

Сегiз қырлы бiр сырлы

Жiгiт екенсiң сыр тұнған.

 

Халық өтiрiк айтпаса,

Нар дейдi ғой бiр туған.

Қымызыңнан бiр құйсаң

Мақтап жүрер ем  сыртыңнан.

 

***

 

Құрман бiлесiң ғой ағаң жайын

Басыңда бақ пен дәулет тұрсын дәйiм.

Шөлдеп бiр келген кезде жаман ағаң,

Әрқашан шөл басарың тұрсың дайын.

 

***

 

Айналайын iнiм менiң Құрманым,

Тұла-бойың талант екен тұрғаның.

Көре алмайтын адамдар көп жалғанда

Оларды сен бар ма iнiм ұрғаның.

 

P.S. Көгiлдiр экраннан сөйлегеннен кейiн, газеттерге мақалам шыққан соң, маған көптеген қарапайым адамдар әдейi iздеп, келiп риза болып, айналайын  Құрман байқап жүр бiз саған тiлектеспiз деп жазып  кеткен өлеңдерi. Мен  туралы жазыңыз деп ешқашан да тапсырма бермеппiн.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған