Ахат ХУДАЙБЕРГЕНОВ. Арнау өлең

241 рет оқылды

Құрманжан атың жақсы, затың жақсы

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Халқыңның қамын ойлап шырылдайсың.

Бiлгенге осы емес пе iстiң басы.

Құрманжан тектi атаның бiр баласы

Ешкiмге жоқ бес берес, алты аласы.

Елгезек атойлап жүр, ұшқыр оттай

Кемелденген жаста тұр ойы тұнық

Кәусарына қанбаған бал бұлақтай

Суына бал бұлақтың бiр қанбайсың

Сiмiрiп ернiң тисiн бал қымыздай

Құрманжан сұңғақ бойлы ер қапсағай

Ат жақты, сұлу мұртты ер мұрынды

Аузын ашса көрiнер көмекейi

Көркiне қарасаң көз тоймайтын

Болсашы азаматтың бәрi осындай.

 

 

7.13.2003.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған