Серiк Абас-Шақтың SMS-тері

Хабар арнасының Бас продюсерi белгiлi теле-журналист Серiк Абас-Шақтың SMS арқылы маған жолдаған достық-әзiлi:

 

Бiз қызық жұртпыз «әңгүдiк»

Наурызда ғана таң қалып.

Көже iшiп «қазақ» боламыз

Иыққа, шапан сәнге iлiп,

Кең елмiз, торға кептелген

Тектi елден шыққан бiз – деймiз.

Бiр күндiк қана «қазақпыз»

Шапанмен ойы шектелген.

Құреке, сонда да болса мерекеңмен!

 

06.09.00 ж.

 

Уақыт өтер, Арт

Жаққа айғақ қылып

Ұялармыз, бiз осы жайға

Ақталып.

Тұлға бiткен киiп алып

«Жылтыр етiк», тайғанаумен

Келедi тайғақ халық.

 

04.07. 11 ж.

 

Бiзде ЦК әдiл, қатал-ақ

Қажыға бермес батамен алдап

Президент болса Амантай

Нұр Отан қалай аталмақ,

 

17.03.11 ж.

 

Палауын асап отыр

Сайрамда «өз ағам»

Иван да мас бүгiн

Байронда мәз

Құттықтаймын қазақты мейрам атты,

Келiмсектер күнiмен тайраңдаған.

 

06.05.11 ж.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған