ҚҰРМАНҒАЛИҒА!

373 рет оқылды

Қу дүние түбiне ешкiм жеткен емес,

Ол бейне дала кезген сағым-елес.

Iшi тар, көре алмайтын кейбiреулер,

Сыртынан ер жiгiттiң нелер демес?

 

Жалғанда кемдi күнгi жiптей шолақ,

Бақ пен сор – бiрi – аппақ, бiрi – жолақ.

Бiреудiң бағы жанса, бiреу мұңлы –

Тағдырдың айырмасы жалғыз сол-ақ.

 

Тiзгiндеп ап, Құреке, талап атты,

Сен десе, түн түрiлiп, ақ таң атты.

Өзiңе Алла жар боп, дұшпандардың

Жолы болмай, бақ қайтып, күнi батты.

 

Кәсiптен өзiң қуған бақыт көрiп,

Еңбектен жүрсiң әр кез жемiс терiп.

Сонда да ырза болмай алға ұмтылып,

Көрмепсiң сонда-дағы кеуде керiп.

 

Жұмыстың ебiн тауып, жолға қойып,

Өмiрден алып жүрсiң орныңды ойып.

Дос-жаран, сен дегеннiң бәрi өзiңмен,

Алмалық сол достықтың мәнiн жойып.

 

Тәңiрiм ниетiңдi қолдай берсiн,

Дұшпаның жеңiсiнiң туын көрсiн!

Хор қызындай арулар сол жеңiске

Алқа қып тағар гүлден тұмар өрсiн!

 

Ден сау боп, бар жұмысың алға бассын,

Қызғанып, iшi күйсiн дұшпан-қастың!

Атақ пен абыройың жария боп,

Асқақтап Алатаудан әрмен ассын!

Көрмеген сөзден тайып, досты сатып,

Қалатын жалғандыққа қаны қатып.

Құреке, Сәулежан екеуiңнiң,

Күндерiң жайнай берсiн алау атып!

 

Өзiңе арнап бүгiн жаздым өлең,

Бас пен жақ болсақ оны қалай бөлем?

Достықты бағалайтын жан едi-ау деп,

Өзiңе құстай самғап ұшып келем.

 

Жеткiзбей қарасына  жүйрiк дөнен,

Жерi жоқ көңiл қалған әлi сенен.

Бүгiнгi қуанышқа менiң қосқан

Байғазым – осы өлеңiм – болсын төлем!

 

Әумин!..

 

Тiлек бiлдiрушi – досың ЕРМЕК  САХАРИЕВ

                                                             деп бiлерсiң.

                                              20.Х.2000 жыл.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған