Жапар ҚОЙЛЫШ. ӨТКЕН АПТАНЫҢ КӨРЕРМЕНI

«Көзқарас» («Рахат» телеарнасы) бағдарламасы шағын және орта бизнестiң өзектi мәселелерiн сөз еттi. Қытайда бизнесiн жаңадан бастаған кәсiпкер аяғынан тiк тұрып кеткенше  салық төлемейдi екен. Бiзде салық мөлшерi соңғы жылдары төмендегенiмен, кәсiпкерлердi тексерушi құзырлы мекемелер  саны азайған жоқ. Шағын және орта бизнестiң  аяғына тұсау боп отырған да – осы. Оған қоса елiмiздiң сыбайлас, жемқорлық, рушылдық, ақсақализм, беделизм деген мемлекетiмiздiң ата жаулары экономикамыздың адымын аштырмай отыр. Кәсiпкер Құрманғали Ашанұлының әңгiмесiнен түйген түйiн осындай.

 

P.S.Беделизм – бұрынғы қызыл партакраттар беделiн пайдаланып,  әкiмдерге шенеунiктерге ықпалын тигiзiп кадр мәселесiне, жылжымайтын мүлiктердi, толып жатқан керек емес шығыны көп тойларды атап өтуге мұрындық болып, қоғамда дамып жатқан нарық экономикасына керi әсерiн тигiзуде. Бұрынғы кеңес кезiнде де жағдайлары жақсы ақсақалдар жас мемлекетiмiздiң дамуына кесiрiн тигiзiп  бәле болуда. Себебi кеңес өкiметi  кезiнде олар  бедел жинап, атақ, марапат алып қалғандар. Ол кезде халықтың хал-жағдайын үкiмет ойлайтын заман едi. Қазiр басқаша үкiмет халыққа  өз күнiңдi өзiң көр деп отыр. Оған қазақ қалай бiрден үйренiп көндiгiп кетсiн. Бедел жинап алған шалдар қайта қарапайым халыққа көмектесудiң  орнына, қара бастарының қамын көбiрек ойлап жағымпаздықпен күн көруге әбден машықтанып алды. Елбасымен кездескенде елде әсiресе қара көздерiмiздiң – нарыққа беймделе алмай жүргенiн айтып,  неге бiрiншi проблема етiп қоймайды.

Елде ашылып жатқан зауыттардың, өндiрiс көздерiнiң бiрiншi басшылары неге басқа ұлт өкiлдерi. Олар қазақтың арқасында  байып жатыр. Ауасын жұтып, жақсы өмiр сүруде, жергiлiкi мемлекет құрушы халыққа мұрнының ұшымен  шүйiрiп менсiнбей қарайды. Көкелер-ау –Қазақстанда мұнай, темiр, көмiр. қорғасын, Алтын өндiрiс көздерi, зауыттар  көптеп саналады. Қазақстанда бiрде-бiр  зат бақылаусыз болмайды. Маған сенбесеңiз ұлықсатсыз бiр кәсiпорын ашып көрiңiзшi, сiздi бiрден тауып алады.

 Соның бәрiнiң  акционерлерi өзiмiздiң шенеунiктер. Ал, онда жұмыс iстеп жатқан менеджерлер бiздiң шенеунiк акционерлерге бағынады. Жылына бiр рет жинап қалай жүмыс iстегенiн, қанша пайда тапқаны туралы акционерлерге есеп бередi. Ал, бiздiң шенеунiктер жылдық пайдасын алғанымен ғана шектелiп келдi. Оларға неге есiне салмайсыздар: тек дебидентпен шектелмей, жергiлiктi қазақтарды үйретiп көптеп жұмысқа тартуға болмай ма,  бұрын Мәскеуден қорқатын едiңдер, ендi кiмнен қорқасыңдар, деп.

Менiңше; бiздiң  шенеунiктер тек қазақтан қорқады қанша ақшалары бар екенiн бiледi деп. Ал басқа ұлт өкiлдерi қалтасы толық болса үндемей жүре бередi. Кейiн байлықты жинап шетелге қашып кетiп, осы жерде қалатын тек қазақтар. Осы кезде айқайлағың келедi. Кiм көрiнгеннiң қолында кетiп, қалтасына қыруар қаржы болып құйылып жатқан қазақтың қайран байлығы-ай деп.

       

«Айқын», № 37

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған