ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

 

Ел iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк  саласынан 1 миллионға жуық халық нәпақа тауып жеп жүр. I.Ж.Ө.-дi 20 пайызға арттырып отыр. Халқымыз әсiресе жастарымыз шағын және орта бизнеспен айналысуға құлшына кiрiсуге дайын отыр.

Мәселе кәсiптiң, iстiң көзiн таба алмай, нарықта тәжiрибесiнiң жоқтығының арқасында миллиондаған қара көздерiмiз жұмыссыз қалуда, немесе болмашы тиын-тебенге жалданып жұмыс iстеуде. Ол тапқан тиын-тебенi жолынан, iшкен асынан аспауда. Үкiмет бизнес жолындағы кедергiлердi жоюға мiндеттi. Жастардың еш жазығы жоқ. Мемлекет қолдап, түрлi саладағы жеңiлдiктер ауадай қажет. Өз кәсiбiн  ашамын деген қандастарға. Бiзде орта топты тек қана өз күшiне сенетiн, батыл, қорықпайтын, нарықтық экономикада белсендiлiк танытып Үкiметке, қожайынға тәуелдi болмай, нарықта өз орнын тапқан қазақстан азаматтары құрайды. Олар мемлекетке  масыл емес, қайта жұмыс  орнын ашып, қарамағындағыларға жалақы төлеп, өз  отбасын асырайтындар. Уақытында мемлекеттiк салық төлеп, жергiлiктi коммуналдық мекемелерге, банкiлерге ай сайын қомақты төлем төлейтiндер де солар», – дейдi кәсiпкер Құрманғали Ашанұлы.

Дұрыс айтады. Осы күнi шағын бизнеспен айналысатындардың шаруасы тәуiр. Ешкiмге қол жаймайды. Олар қаржы  институттарынан несиенi қалай алу керектiгiн жақсы бiледi. Жүз жерден экономикалық дағдарыс болса да олар жұмыс iстей бiледi. Себебi, iс-тәжiрибесi бар нарықта. Ең бастысы қарапайым миллиондаған халыққа жұмыс iстейдi, оларға қызмет көрсетедi. Мәселен, не экономикалық дағдарыс  деп халық тамақ  iшпей ме? Киiм кимей ме? Машинасына жанармай құймай ма, шашын алдырмай ма, т.б, толып жатқан өмiр сүруге қажеттi  заттармен  көбiнесе  шағын кәсiпкерлер айналысады.

Тек қана кәсiпкерге шыдамдылық танытып, күтуi қажет. Олар маңдай термен тапқан ақшаны үнемдей бiледi.

 

«Жас Алаш», №143 30 қараша, 2004 ж.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған