«Тарлан-2004» тәуелсiз сыйлығының ұйымдастыру комиетiне ұсыну хақында

Республикалық «Жас Алаш» газетiнiң

белсендi авторы Құрманғали Ашанұлының

материалдарын «Тарлан-2004» тәуелсiз

сыйлығының ұйымдастыру комиетiне

ұсыну хақында

 

 

Елiмiз тәуелсiздiк алып, нарықтық экономикаға көшуге бет бұрғалы бергi уақытта қазақ журналистикасында кәсiпкерлiк, бизнес туралы тың тақырыпқа жазылған мақалалар әр кездегдей өте аз, тiптi мардымсыз деуге боларлықтай. Әсiресе осындай көп бiлiм, iзденiс, ой алғырлығын әрi қалам қарымын өте қажет ететiн аса жауапты тақырыпты қалың оқырман қауымын шын толғандырып,  тосын ойлармен елең еткiзе бiлетiн автордың жазуы әрбiр газет үшiн қуаныш та.

«Ана тiлi» газетiнде жарық көрген «Алпауыттар және орта кәсiпкерлiк», «Ұлттық қор ұлтымыздың болашағы үшiн», «Ең қолайлы ипотека», сондай-ақ, «Қазақ кәсiпкерi және нарық»  («Түркiстан» газетi) мақалалары, оның үстiне республикалық түрлi телеарналар мен қазақ радиосынан үнемi берiлiп жүрген сараптамалары жұртшылықтың көңiлiнен шығып жүр. Қорыта айтқанда, Қ.Ашанұлының аталған проблемалық мақалалары, жалпы журналистiк творчествосы «Тарлан-2004» сыйлығына толық лайық деп бағалаймын.

 

«Жас Алаш» газетiнiң

Бас редакторы                                              Жүсiпбек Қорғасбек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған