“Қайсыңыздың үстіңізде Қазақстанда тігілген киім бар?” (видео)

 

“Қайсыңыздың үстіңізде Қазақстанда тігілген киім бар?”
Мұнай, газ, қара металдар сияқты қазба байлықтары аз болса да, жеңіл өнеркәсібі арқылы дамыған Қырғыз Республикасы, Қытай, Беларусия, Оңтүстік кореия қатарлы елдердің тасы өрге домалап тұр. Қаржы дағдарысы кезінде де жеңіл өнеркәсібі дамыған осы елдер сынақтан сүрінбей келеді. Ал, тек жеңіл ақшаға ғана сүйенген яғни жер астындағы аса мол жаратылыстық байлықтан келетін қаржыға ғана бойы үйренген Қазақстан, Ресей, Азербайжан мемлекеттері дағдарыс кезінде тығырыққа тірелуде. Өйткені, технологиясын әкеліп табиғи байлықтарды өндіріп жатқандар тек шетелдік ірі компаниялар. Олар тек елімізге салық төлейді де, байлықтың игілігін өздері көреді.
Егер, елімізде жеңіл өнеркәсіп дамымайтын болса біз қашан да өндіруші елдердің тұтынушысы ретінде қала береміз. Ал, кісіні ойландыратыны жоғарыда аты аталған өндіруші мемлекеттердің пайдаланып отырғаны тағы да бізден барған шикізаттар. Біз шикізатты арзанға сатып беріп, өнімді қымбатқа сатып алып отырмыз. Біз қашанға дейін шетелдердің киім тігіп беруін күтіп отыра береміз?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған