Жалған ұранмен жастарға әртүрлі бизнес семинар-тренингтер өткізіп жүргендерге менің жеке көзқарасым

319 рет оқылды

Жалған ұранмен жастарға әртүрлі бизнес семинар-тренингтер өткізіп жүргендерге менің жеке көзқарасым  

Осындай қысылтаяң дағдарыс кезінде түрлі қиындықтарға қарамастан жеке кәсібін ашуға ниетті қаракөз бауырларымыздың сандарының артуы мені қуантады. Әрине, бұл бауырларымыз үшін өзінің жеке кәсібін ашу оңай болмағанымен, оны әрі қарай дамытып алып кету қиынның қиыны. Ал, оңай болса, нарықтық кеңістікте жүргенімізге 25 жыл болды. Неге шағын – орта бизнес дамыған елдердегідей ІЖӨ-нің 80-90 пайызын бермейді?  Жастарымыз өз отанында, өз елінде тұрып  шағын – орта бизнеспен айналысуына кім кедергі? Біз осыны неге зерттемейміз.Неге егеменді  еліміздің тірегі – орташа топ аз?

Ол үшін жас кәсіпкердің іс жүргізу қарым-қабілеті, білімі, бастап жатқан кәсібі туралы жан-жақты хабары мен бизнес жоспарлары болуы қажет. Сонымен бірге, олардың жылжымайтын кеңсесі, қаржысы, жеке көлігі болуы керек. Өкінішке орай, көптеген жас кәсіпкерлерде жоғарыда аталған кәсіпкерлікке қажетті мүліктердің жоқтығы мен басқа да түрлі әкімшілік органдарының кедергілері, әрі бүгінгі қоғамдағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың болуы да қынжылтып, кәсіпкерлердің тынысын тарылтады. Осындай жағдайлардың кесірінен үміткер кәсіпкерлердің кәсіптері әрі қарай өсіп, өркендемейді. Әлеуметтік желі арқылы жеке кәсібін ашам деп үміттеніп жүрген қазақ жастарын еліміздің түкпір-түкпірінен алдап шақырып алып, оларға ақылы семинар-тренингтерді өткізуіне өз басым түбегейлі қарсымын. Нарықтың заңы бойынша сен клиенттен ақша алдың ба, оның нәтижесі болуы керек. Мысалы, мен клиентке пеш сатамын, клиенттің талабы бойынша пешім үйді жылытуы керек. Міне, нәтиже. Жылытпаса ақшасын өз қалтамнан қайтарып беремін.  Жуырда ғана сол семинар-тренингтерге қатысқан  көптеген жігіттер келіп арбауға түскенін айтты. Мысалы, талдықорғандық Д деген журналист, байырғы таныс ініміз «Құрман аға, қазақ деген көнбіс халық қой, басқа біреулер болса, бұндай алдап бизнес туралы семинар-тренинингтерді жүргізгендердің басын жұлып алар еді» деп өз назын  айтты. Бұл алданғандардың бір ғана мысалы, ал,  мұндайлар қатарымызда көптеп саналады, маған бүгінде дұрыс ақыл-кеңесіңізді беріңзші деп өтініш айтып келушілер көп.  Менің есептеуім бойынша, осы аталған семинар-тренингке қатысам деп, өңірлерден жүректерін алып-ұшып келушілердің барып-қайту жолақысы, қонақ үйді жалдау ақысы, қаладағы көліктерге  кететін ақысы, ішіп-жем ақысы, өтпейтін тауарларды мәжбүрлеп алғызу ақысын орташа есептегенде олардың шағын бизнес ашуына жететін қаражаттың көрсеткіші шығады екен. Осындай болып жатқан келеңсіз жайттардан олардың жұмыстарында еш нәтиже көріп отырған жоқпын. Сол кеткен шығындарға әлгі жастар өз тұрған жерлерінде неге жеке кәсібін ашпасқа?! Жоғарыда аталған семинар-тренингтердің пайдалы жағы болмағандықтан, әрі нақты нәтиженің жоқтығынан жастар зардап шегуде. Ақылы семинар-тренинг өткізіп, оқыттыңыз ба, онда кез-келген жастар өз бизнесін неге бүгінде ашып алмайды, осы жағы мені ғана емес, көп жандарды ойлантады?!

Сен он жерден семинар-тренингті оқып келсең де, жергілікті жердің менталитетін жеңіп, істі бірден бастап кете алмайсың. Бір-екі күнде оқыған жүз адамның жеке кәсіпті алып кетуіне олардың кәсіпке деген ыңғайының, ебінің (жилка), қарым-қабылетінің бар екеніне, іскер екеніне екі-үш семинар-тренинг  арқылы қалай көз жеткізесің?  мен осыған таң қаламын. Ал, менің өз тәжірибем бойынша өз ісін бастаған жүз кәсіпкерден екі-ақ кәсіпкер қалады. Егер, мен семинар-тренинг өткізетін болсам, істі былай бастар едім: Екі жүз адам жинадым делік, сосын, ислам даму банкісінің жолымен, екі жақ келісу арқылы, істің соңғы натижесіне қарай ақы алар едім. Яғни, меннен оқыған азаматтар жеке кәсібін ашып, белгілі деңгейде табысқа жеткеннен кейін ғана, оны оқытқандығым үшін ақысын алуым  керек. Бұл біздің жастарға тиімді әрі ең халал жол болып саналады. Ардақты ағайындар, менің бұл ойыма сіздер қалай қарайсыздар?

Құрманғали Ашанұлы

87013004448

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған