Бір қазақ қызының кәсіп жөніндегі сұрағына жауап

Бір қазақ қызы нарықтан орынын тапса, мемлекет ұтпаса ұтылмайды. Маған төңіректің төрт бұрышынан кәсіптену жолына түскісі келетін қыз-жігіттерден сұраулар көп келеді. Мен олардыың сұрағын қолымнан келгенінше жауапсыз қалдырмаймын. Алмажан Оңғарова есімді келіншектің сұрағына жауап ретінде төмендегі шағын мақаланы жаздым. Бұл жауапты Алмажанның өзінеде жіберумен бірге, осы секілді сауалдар мазалап жүрген, республикамыздың түкпір-түкпіріндегі қаракөздерімізге аз да болса себі тиер деген ізгі ниетпен осы ортаға жариялап отырмын! 

Құрметті Алмажан Оңғарова, сіздің қыздарыңыз шаштараз болып, орынды жалға алып жұмыс жасайды екен. Әрине, бұл маңдай тердің жемісін көретін жақсы кәсіп. Дамыған елдерде де осындай. Қыздарыңыздың жақсы кәсіп таңдағанына мен де қуаныштамын. Енді сіздің сұрағыңызға келсек, мен Алматыда тұрғандықтан Қызылорда қаласының ішкі жағдайларын біле бермеймін. Бірақ, сонда да мен сізге өз тәжірибелерімді айтып кетсем артық болмас. Бірінші, қыздарыңыз жұмысын істей берсін, ай басында жал ақысы келіп қалады. Сондықтан, олар жұмысты тоқтатып қойып, қатысты орындарға қазірше бармасын. Сіз өзіңіз қыздарыңыз үшін Қызылорда қалалық жергілікті мемлекеттік даму қорына барып, «Менің қыздарым жұмыс істеп жатыр, істеген кәсібі сауда емес» деп, осы жағдайды айтып, олардың кәсіпкерлерге қалай көмектесе алатынын біліңіз. Ол жерде қайтарылмайтын үш миллиондай ақша мемлекет атынан сауда емес кәсіптің басқа түрімен айналысатын жеке кәсіпкерлерлерге заң бойынша бөлінуі керек. Оны әрине, жергілікті даму Қорының басшылары шешеді, олармен қалай тіл табысасыз, ол сізге байланысты. Екінші, қалалық госимуществаға барыңыз немесе оның сайтына кіріңіз. Қазір Елбасының мемлекеттік бюджетті толтыру мақсатына байланысты приватизцияның үшінші толқыны жүріп жатыр. Мүмкін, соған ілініп қаларсыз. Үшінші, қазір Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербәев өзінің білімділігін, беделділігін асырып, республикалық бюджеттен қомақты қаржы алып, Қызылорда облысына инвесторларды тартып, Сыр өзенінің бойына шағын аудандар ашып, көп қабатты үйлер салып жатқанын бүкіл республика біліп отыр. Дамыған елдерде, Алматыда, Ресейдің кез келген қаласына барсаңыз төменгі қабаттардың бәрін іске қосып, ресторан, шаштараз, офис, дүкен, басқа да шағын кәсіпкерлікке қолданып жатыр. Сіздерге неге сол төменгі қабатты барып алмасқа. Оған шығын да аз кетеді. Кейін оны қыздарыңызға жеке меншікке аударып аласыз. Егер, ұнамаса басқа біреулерге жалға беріп қойыңыз. Тек қана көп қабатты үйлерді таңдайсыз, ортасынан алу қолайсыз, шеткі жағынан алған дұрыс. Себебі, ортасынан алсаңыз, жан-жақтағы көршілердің бәрінен рұқсат алуыңызға тура келеді. Бір адамнан рұқсат алған жеңіл ме, төрт адамнан рұқсат алған жеңіл ме? осыны есте сақтап мән бергеніңіз дұрыс. Мен көрсеткен осы жолдар бойынша жүріп көріңіз, ісіңізге сәттілік тілейміз, хабарласып тұрарсыз! Маған сізден бір тиынның да керегі жоқ. Мен өз кәсібім бар. Бір қазақтың қызы нарықта өз орынын тауып, байып жатса мен бақыттымын. Кейін іздеп барып, қыздарыңызға шашымды алдырармын.

Құрметпен: Құрманғали Ашанұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған