Мен неге жүз кәсіпкерден екі-ақ кәсіпкер қалады деп отырмын?

268 рет оқылды

Мен неге жеке кәсібін бірге бастаған жүз кәсіпкерден екі-ақ кәсіпкер қалады деп отырмын?  Себебі: тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап өзім жеке кәсіппен айналысып келемін. Сондағы өмірлік тәжірбиеден түйгенім: алғашқы кезде бәрі  жеке кәсіппен айналысады, біршама уақыт  өткеннен кейін сол кәсіппен айналысушы бауырларыммен жүздесіп қалғанымда көпшілігінің айтатындары, әртүрлі себептермен жылжымайтын мүлкінен айырылып қалуы, банктен несие алып, қайтара алмауы, несиенің ставкісінің жоғары болуы, мемлекеттік органдардың түрлі тексеру кедергілеріне тап болуы, жақындарына қарыз беріп қайта ала алмауы, тауарларды ұрлатып алуы, кәсібі жүрмегесін арақ ішуге салынуы,  жеке офисінің болмауы, жалға алынған ғимараттардың ақысын төлей алмауы т.б., толып жатқан сылтауларды айтып алға тартады. ақырында жұмыссыз қалып Сейфуллин көшесімен қаламыздағы өзге де «құлбазарларда» арба итеріп, бала-шағасына нәпақа табу мақсатында  жұмыссыз жүруі әрине өкінішті. Осылардың түгелі дерлік өз еліңде өгей жүрген  қазақ бауырларымыз. Бұл айтқаным аз болса, тағы бір нақты дерек келтірейін. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толса да,  шағын және орта кәсіпкерлік 2015 жылдың І жарты жылдығына дейін ІЖӨ-ң 18-20% ғана құрады. Бұдан ұққанымыз яғни, шағын және орта кәсіпкерлікпен 17 миллионнан асқан халықтың 2 миллионы ғана шағын және орта бизнеспен айналысатыны көрініп тұр. Ал, елбасымыз болса, шағын және орта бизнес саласын 50% жеткізуді Үкіметке тапсырды. Осындай нақты деректерді көре отырып, һәм зерделей отырып шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысу оңай болса, дамыған елдердегідей біздің елімізде де осы кезеңге дейін халықтың 80% неге жеке кәсіппен айналыспайды? Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда жеке кәсіппен айналысу оңайға тимейтіні анық. Тағы бір мысал, бұрын жеке кәсіппен айналысқысы келетін жас талапкер өзіне кәсіп ашса, жұмыс істейтін орынның жалға алған ақысы 160 мың  теңге болса, ал, дәл қазір 330 мың теңгенің ожақ-бұжағында. Бұл төлем комуналдық төлемдерден басқа. Осындай қыруар ақшаны жұмысы әлі жүрмеген, тәжірибесі жоқ жас кәсіпкер қайдан табады? Өмірде кәсіппен айналысады екенсің көзге көріне бермейтін бұдан да басқа шығындар болып отырады. Ол да жеңіл-желпі мәселе емес. Басын бастап, аяғын тастап кеткен мысалдар төғңірегімізде толып жатыр. Сондықтан да, кәсіппен айналысушы жүз адамның жүзі де кәсіпкер болатынына сенбеймін.

Оған қоса еліміздің барлық аумақтарында жылжымайтын мүліктер сатылып, жеке адамдардың қолына өтіп кетті. Жоғарыда аталған осы жағдайларды біле отыра, мен жұмыс бастайтын 100 кәсіпкерден 100 кәсіпкер шығатынына сенбеймін. Бұндай көрсеткішке жетуге біздің қоғам дәл қазір дайын емес. Осы жағдайды біле тұра, жастарды көзсіз тәуекелшілдікке итермелеуге менің ар-намысым жібермейді.

Құрманғали ашанұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған