Ешкім байлықты, ақшаны өзімен бірге алып кетпейді (видео)

334 рет оқылды

Қазақ елін әлемнен бөліп – жаруға болмайды. Өкінішке қарай, шенеуніктер өз міндеттерін орындамай, халыққа адал қызмет істеудің орынына өздерінің қара бастарының қамын ойлап, байуға құмар. Өз халқын өзі тонап жатқан тойымсыз шенеунктерге тосқауыл қоймасақ, елдің келешегіне балта шабу  деп ойлаймын. Ең жаманы, елімізде адами қасиеттер бірінші орынға қойылмай, оның орнын ақша басып отыр. Қазір қарап отырсақ, ақшаның да байудың да шегі жоқ екен. Қарапайым халықпен салыстырсақ, кезінде өзін алтынмен аптаған мемлекет басшылары да ақшамен, байлықпен өзін-өзі сақтай алмады. Осыны жоғарыда отырған қолында билігі бар шенеунктер ойланса екен. Қазақ халқына алланың берген байлығын өзімдікі демей, өз төл халқымен бөліскенде ғана, бабаларымыз аңсаған бай-бақуатты күнге жетіп, Қазақстан мәңгілік ел болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған