Алдымызда не күтіп тұр?  Болашағымыз не болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам баласы болғасын, “Алдымызда не күтіп тұр?  Болашағымыз не болады?”  деген күмәнді ойлар күні-түні, әсіресе қаржы дағдарысы кезінде әркімді мазалауы қалыпты жағдай. Әлем мен Қазақ елін ажыратып бөлуге болмайды. Дәл қазір әлемде күрделі процестер қарқынды жүріп жатыр. Қазақстан табиғи қазбаларға бай болғанымен, дамыған елдермен салыстырғанда, әлемге әліде таныла қоймаған ел. Ел экономикасы әлсіз, бірден дамып кете қойған жоқ. Еліміз алғашқы кезден бастап, көп векторлы саясат ұстанып келеді. Соның арқасында Қазақстан экономикасы тұрақтылығы мен шетелден инвестиция тартуға қабылетті ел болып саналады. Оған мысал, Дүниежүзілік Банктің есебі бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне келетін шетел қаржысының 80% Қазақ елінің үлесіне тиеді. Бұдан ұққанымыз – Қазақ елі инвесторлар үшін ең қолайлы ел деп айтуға болады. Оны ойдан құрастырып отырған жоқпыз. Жоғарыда аталған ағымдағы сенімді статистика соның дәлелі. Ал, енді экономикалық көрсеткіш жағынан  ІЖӨ-ге келсек, бұл көрсеткіштен де біз озық алда тұрмыз. Мәселен, басқа көрші елдермен салыстырсақ, біздің ІЖӨ-іміз  217 миллиард АҚШ  долларына тең. Егер, бауырлас өз ағамен салыстырсақ, ІЖӨ-іміз   олардан 3-5 есе көп болып шығады. (Өзбекстанның ІЖӨ-і 75,2 миллард АҚШ долларын құрайды). (Қазақстан халқы 17, 7 миллион. Өзбекстан халқы 32 миллион). Сонымен бірге бауырлас Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстанмен салыстырсақ, олардың  ІЖӨ -і Қазақстан экономикасынан 3,5 – 4,5 есеге аз болып шығатыны айдан анық. Біз бұдан қай елдің халқының тұрмыс деңгейі жақсы – жаман екенін білуімізге болады. Әрқашан да бір-бірімен бәсекеде жүретін көрші мемлекеттермен Қазақстанды салыстырсақ, шын мәнінде еліміз аймақтағы экономикасы қуатты республикаға айналғанын қуанышпен айтуға болады. Көрші қырғыз бауырларымызға астық және жанар-жағар майларымен көмектесіп отырғанымызды кез келген қазақтың баласы біледі. Ал, осы қырғыз ағайындар бізге немен көмектесіпті? Бұл әрине Қазақстанда дер кезінде жасалған экономикалық реформалардың оң натижесі екені айтпаса да түсінікті. Дәл қазір еліміздің микро-макро экономикасын тұрақтандыру жүріп жатыр. Бұл дегеніңіз бизнес ортаны, шағын-орта бизнесті көптеп ашып, оны ары қарай елімізде дамытып, кеңейту арқылы оның үлесі ІЖӨ-нің 50% -ын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің үшінші толқыны іске асуда. Осы арқылы орташа топты қалыптастырып, мыңдаған жұмыс орындарын ашуға талаптану, яғни мемлекеттің меншігіндегі касіпорындарды жеке меншікке сату.

  1. Қазақстан үкіметі Қашаған мұнай кенішіне көп үміт артып отыр.
  2. Батыс Қытай-батыс Европа жолы іске қосылса экономиканың арта түсетіні анық.Бюджетке көптеп қаржы түседі.
  3. Қазақстан шикізатқа негізделген экономикадан кетіп, жаңа технология, ғылым-білім жолына түсуде. Бұл әрине қазіргі заман талабынан туындап отырғаны белгілі.

Дүниежүзілік Банк Қазақстанның ІЖӨ-і 2016 жылы 0.9%, 2017 жылы 2.2%, 2018 жылы 3.7%,  Ал, 2019 жылы 4% ға өседі деп болжауда. Бұдан ұққанымыз қазақ еліне ең қиын кезең 2016 жылы болып, ол да артымызда қалды. Үмітті, жарқын болашақ алдағы жылдарда.

Аз да болса Қазақстан экономикасына, оның болашағына қатысты салыстырмалы сараптама жасауға тырыстық. Әлеуметтік желідегі оқырман достарымның назарына ұсынып отырмын. Қазақ елінің келешегі айқын, экономикасы зор екеніне ешкім күмән тудырмайды. Бабаларымыз қашан да «Жақсы сөз _ жарым ырыс» деп отыратын. Егер, ел экономикасы жөнінде мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, онда бізбен хабарласуларыңызға болады. Шаманың келісінше экономика ұғымына саятын түбірлі мәселелер жөнінде сіздермен кеңесуге, сыр бөлісуге дайынмын.

  Құрманғали Ашанұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған