Әлемде шекарасы бекімеген елдер не болып жатыр?!

Қазақстанның ең ұтқаны – іргелес, көршілес бес елмен өз уақытында ұрыс-керіссіз халықаралық тәжірибеге сүйеніп, белгіленген шарттарымен бекітіп, шекараны құжатпен құптап алғаны. Әлемдегі ең ұзақ саналатын құрлықтық шегара  14 мың шақырым. Ол біздің Қазақстанда екен. Ал, көршілес Ресеймен 7000 шақырымдық шекараны құрайды. Жас мемлекетімізге шекараны делимитацииялау және демаркациялау оңайға түскен жоқ. Бес мемлекеттің халық қалаулылары шекара құжаттарын талқылап, бекітіп, одан кейін осы елдердің басшылары қолдарын қойды. Осыдан кейін, заңды түрде халықаралық құжат болып саналып, бір данасы БҰҰ-да сақталды. Бұдан біздің ұққанымыз- ең бір табысты жүргізілген көп векторлы сыртқы саясат пен дипломатиялық қызметтің өте нәтижелі және сәтті болды айтуға толық негіз бар.


1. Мәселен, Каспий теңізі Кеңес үкіметі кезінде, Иран ислам республикасымен құжат арқылы келісіп, теңіздегі түрлі байлықтарды «50 де 50» бойынша пайдаланып келді. Ал, кеңес империясы ыдыраған кезде, Иранның теңіздегі үлесі 13 %-ақ болып қалды. Бұған Ирандықтар наразы болып, теңіз байлығының 20% ын сұрады. Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Азербайжан теңізде өз шекараларын бекітіп, белгілеп, Иран республикасымен келіссөздер жүргізіп, тәуелсіздік алған әр ел белгілеген өз шекарасымен қалатынын нақтылап түсіндірді. Бұл ойлаған адамға 80 миллион халқы бар, Америка мен Евро-одаққа бағынбай отырған орта Азиядағы аса ірі алпауыт елмен мәмілеге келу, Ресей сынды көрші елдің ықпалы болмағанда қиынның қиыны еді. Жаратқан ием қолдап, осы алпауыт елмен де шекарамызды дау-дамайсыз, дер кезінде белгілеп, бекемдеп алдық.
2. Кеңес одағы кезінде одақтас-бауырлас мемлекеттер тығыз экономикалық ынтымақтастықтықта болды. Кеңес одағы қалай ыдырады, экономикалық құлдырау, саяси шиеленіс ұлғайып, бауырлас елдер арасында қарым-қатынастар нашарлай түсті. Мәселен, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттері шекараларын осы күнге дейін делимитациия  және демаркация жасамапты. Яғни, шекара құжаттар арқылы әлі толық бекітілмепті. Өзбекстанның енді ғана сайланған президенті Шавқат Мирзиеев көрші мемлекеттерге мәмлеге келіп, бейбіт жолмен шешуді, шекараның кейбір бөліктерін реттеу керек екенін ескертті. Бірақ, әй қайдам, бұл ұсынысқа дәл қазір Қырғыз бен Тәжік ағайындар «өз ағамның» ұсынысына көне қояр ма екен?! Алыстағы елдер арасындағы шешім таппаған шекара мәселелерінен туындаған дау-дамайлар мен қақтығыстарды айтпай-ақ, жан-жағымызға қарасақ, Ресей мен Украинаның, Грузия мен Ресейдің, Әзербайжан мен Арменияның арасында болып жатқан шиеленістер, қақтығыстар осы шекараның өз уақытында құжаттармен бекімегенінен туындап отыр. Егер, шекара өз уақытында заңды құжаттармен бекігенде бауырлас, көршілес елдерде мұндай қан төгістер болмас еді.
Осыны айтып отырғанымыз шекарасы бекем Қазақ елінің халқының алаңсыздығы мен тыныштығына, дамуына, өсуі-өркендеуіне, шетелден инвестицяның келуіне, шетелдегі қандастардың атажұртқа алаңсыз оралуына жақсы жол ашып, Қазақстан жылдан-жылға әлемдік аренада  өз беделін арттырып, тек жақсы жағынан көрінеді. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған іргесі берік егеменді ел деген осы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған