Мемлекеттік тілді менсінбейтін шенеунктер тек бізде ғана (видео)

Ана тіліміз туралы біз ұлы Еврей халқынан үлгі алып, солардың мемлекет құрған кездегі тәжірибесін неге алмасқа?  Ол үшін, тіл білмейтін шенеуніктерді, тіл білмейтін сенат, мәжілс депуттарын, әкімдіктегі тіл комитеті басқармасының қызметкерлерін Израйл мемлекетіне жіберіп, олардың тәжірибесінен үйреніп, сол тәжірибені неге өзімізге қолданбасқа? Олар ұмытылып қалған ана тілін тірілтіп, мемлекеттік тіл деңгейіне қалай көтергенін зерттеуіміз керек. Біз тәуелсіз елміз, тіліміз үшін кімге жалтақтаймыз? Кезінде елімізде шенеунктерге мемлекеттік тілді үйрету үшін бюджеттен миллиардтаған ақша бөлінді. Курстар ашылып, тілді үйретті. Ал, сол шенеуніктер қазір Ана тілімізде сөйлеп жүр ме?   «Баяғы жартас бір жартас» . Ал, бөлінген ақша құмға құйған судай далаға кетті. Енді басқа жол жоқ. Одан да Ана тіліміздің беделі үшін, жоғарыда айтылған Израйл мемлекетінің тәжірибесінен үйреніп көрейік. Байлығымыз жетеді, Құдайға шүкір!  Ана тіліміз үшін, Келешек ұрпақ үшін тіл білмейтін шенеуніктерден ақшаны аямайық!  Тіл болмаса ұлт болмайды.Ұлт болмаса ұлттық мемлекет те болмайды.

СТВ теле – арнасы мен республикалық «Алаш айнасы» газетінің бірлескен жобасы:«Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуге міндеттейтін уақыт жеткен жоқ па» атты пікір-талас сұқпаты «Ой-көкпар» бағдарламасында. Жоба авторы: Серік Жанболат. Бағдарламаны жүргізуші, журналист Жарқын Түсіпбекұлы. Пікір-таласта: жеке кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы мен Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім бастығы Бақыт Қалымбет мырза.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған