Қазақстанда бай болғың келсе шенеунік бол (видео)

478 рет оқылды

Қазақстанға мұнайды, басқа да табиғи байлықтарды Жаратқанымымыз аямай-ақ берген. Бұл Алла Тағаланың қазақ халқына берген несібесі. Мұны қазақ халқының мүддесіне пайдалануымыз керек. Біздің осы байлығымыздың молдығы мен жеріміздің кеңдігін жан-жақтағы көршілеріміз көздерін алартып, көре алмауда. Бірақ, соған қарамай, еліміз көп векторлы саясат ұстап, табиғи байлығымызға шетелдік транс-ұлттық ірі-ірі компанияларды тартып, әлемдік экономикалық институттарға тәуелді болмай, соның арқасында Астана салып, шекарамызды нық бекітіп, Қазақстан деген елді құрдық деп айтуға толық негіз бар. Бірақ, әлгі инвесторлар өнеркәсіпке қаржы салмай, тек қазаба байлықтарға ғана қаржы салып отырғанын халқымыз біліп отыр. Бұл әрине жеңіл ақша саналады. Соның арқасында үкімет өзінің халқына міндетіне алған төлемдерін төлеп отыр. Қазба байлықтарымыздың бағасы әлемдік нарықта жоғары болған кезде ұлттық қор құрып алдық. Бұл әрине жақсы жағы. Ал, біздің жоғары жақтағы шенеуніктеріміз шетелдік инвесторлардан түскен жеңіл ақшаны қалай пайдаланып жатқаны туралы сұрақ өздігінен туындайды. Оны төмендегі халық біліп, көріп отыр. Қазақстанда бай болғың келсе бірінші шенеунік болуың керек. Сол шенеуніктер мемлекетке, Елбасына, халқына жаны ашымай, халқына адал қызмет жасамай, бюджеттен миллиардтап ақша ұрлағаны бізді қапаландырады. Қазақстанда байып алып, шетелден котеж және жылжымайтын мүлік алып, тапқан ақшаларын шетелге тығып жатқан шенеуніктердің қылығына қазақ халқы наразы. Осылардың бәрінің аспаннан аяқтары салбырап түскен жоқ, аталары кешегі  қойшылардың балалары. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан деген елде миллионер деген болған жоқ. Халық тең болды. Ал, бүгін жағдай өзгеше. Осыған сіз не дейсіз, ағайын?!

СТВ теле-арнасының «Көкжиек» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Олжас Нұржақыптың кәсіпкер Құрманғали Ашанұлымен жасаған сұқпаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған