Қазақ елінің ірі жобалары алпауыт елдерді өзіне тәуелді етеді

Құрметті әлеуметтік желідегі достарым!
Дүниежүзілік банкіның есебіне сүйеніп, Қазақстанның алдағы жылдары экономикасының өсімі жоғары болатынын жазғанбыз. Енді тағы бір халықаралық беделді ұйым Халықаралық валюта қоры (Х В Қ) Қазақстан экономикасы 2017 жылы 2.5 % ға өсетінін атап көрсетті. Қазақ елін халықаралық беделді ұйым (Х В Қ) мойындап отыр. Мысалы, әлемде 250 мемлекет болса, сол елдердің бәрінде Халықаралық валюта қорының мамандары арнайы бақылап отырады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақ елі де әлемдік экономикалық дағдарысты бастан өткізіп жатыр. Оның үстіне, көрші Ресейге қойылған санкция, Қытай және Европа елдерінің экономикасының дамуының баяулауы, шикізат пен мұнай бағасының әлемдік нарықта төмендеуі Қазақ елінің экономикасына қиындық білдіріп жатыр. Осы қиындықтарға қарамай Қазақ елі экономиканы өсіру үшін үсті-үстіне экономикалық реформаларды жүзеге асыруда. Мұны әрине ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақстан Евро-одақ, АҚШ, Қытай, Иран, Үндістан сияқты мемлекеттермен терезесі тең серіктес ел саналады. Біз алдағы, қазіргі Қазақстанның болашағына, экономикасының дамуына болжам жасағанда, «Нұрлы жол» ішкі бағдарламаны алмай, тек алпауыт инвесторлармен жасалған жобаны алып отырмыз. Себебі, бұл жобаны ғасырлық деп те атауға болады. Оның артында ірі-ірі алып державалар тұр. Мұндай халықаралық ірі жолбаларда қаржыны талан-таражылауға жол берілмейді.


1. Қашағанда дәл қазір мұнай өндіру жұмыстары жүріліп жатыр. Бұл өндірілген мұнай Каспий құбыр-консорциумм арқылы тасымалдануда. Бұл құбырдың артында Ресей тұр. Яғни, құбыр Ресейдің жерін басу арқылы Европаға барады.
2. Американың, Қытайдың, Англияның, Италияның, Францияның одан да басқа Европа мемлекеттерінің ірі-ірі транс-компаниялары Қашағанда Қазақстанның мұнайын игеріп жатыр. Ал, енді осы жерде ойланайық, осы ірі-ірі алпауыт компаниялар өздері салған қаржысының үлестерін алып жатыр. Сонымен бірге, Республикалық салық және жергілікті салықты төлейді. Демек, Қашағанда осыншама алпауыт елдердің экономикалық мүддесі өмір сүріп отыр. Ендеше, осындай алпауыт елдер әрине өз мүдделері үшін, қаржы салған жерді қызғыштай қорғайды. Қашан да Қазақстанның сөзін сөйлейді. Өйткені, Қазақстан Украина, Грузия, Қырғызстан емес. Себебі, алып елдерді қызықтыратын оларда осыншама мол байлық жоқ.
3. Қазақстанның жерін жаратқаным теңіз-мұхитпен шекарасын шектестірмеген. Қазір әлемде ел мен ел, құрылық пен құрылық арасындағы сауда-саттық, тауар-айналымы қызу жүріп жатыр. Соның арқасында, елдің экономикасы көтеріліп, дамып, халқының әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Мәселен, бұл маңызды үрдіс енді қалай іске асып жатыр? Жаратқаным бір елге мұхит-теңіз арқылы арзан бағамен жол шығыны жоқ тауарын жеткізуде. Сол мұхиттың арқасында қомақты табыс тауып отырған мемлекеттер көптеп саналады. Мысалға, Қытай, Жапония, Ресей, Сингапур, Малайзия, т. б., толып жатқан елдерді келтіруге болады. Ал, бізге бұйырғаны көлік жолдары мен темір жолдар болып отыр. “Батыс Европа – Батыс Қытай жобасы” – Бұл әрине қомақты қаржыны қажет ететін үлкен жоба. Егер, осы жобаны біз еліміз үшін, егемемдігіміз үшін, ертеңіміз үшін елдің игілігіне жаратпасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Дәл қазір осы жобаларға қомақты, ірі көлемде қаржы салынып, инвестиция тартылды. Бұл жолдарды пайдалануға Европа елдері мен көрші Қытай елі, Қазақстан мүдделі болып отыр. Мәселен, Қазақстанда бес облыстың жерінен өтетін осы жолдың бойында отбасылық шағын кәсіп ашып, жұмыс істеуге болады.


Осының Қытайға да, Қазақстанға да, Европаға да пайдалы жағын айтып кетейік:
Мысалы, Қытайдан жүк тыйеген кеме су жолымен жүрсе, әрең дегенде қырық таулікте Европаға жетеді екен. Егер, осы жүкті ұшақ арқылы тасымалдаса он есе қымбатқа түседі. Ал, осы жүк Қазақстанның бес облысы арқылы Европаға он бес-ақ күнде жүріп жетеді. Қытайдан шыққан жүк пойызы Қазақстан териториясы арқылы Лондонға он сегіз-ақ күнде жетеді. Демек, бұл ірі халықаралық жоба Қазақ еліне де, Қытайға да, Европа елдеріне де экономикалық жағынан өте тиімді. Бұл халықаралық жобаның артында үлкен саясат, Қазақстанның болашағы айқын тұр. Алпауыт елдер өздерінің мүддесі үшін Қазақ елінің тұтастығын сақтап, ешкімге бере қоймайды. Есте болатын тағы бір жай, Қазақстанның бес облысын қамтыған бұл үлкен жобаны еліміз уақытында өз пайдасына жарата алды. Ал, Ресейде де мұндай мүмкіндік бар еді.  Мысалы, Қиыр Шығыстан Европаға қосатын авто жолы, темір жолы Ресейде де бар ғой. Сол салынған жолдарды Қытайға, Оңтүстік  Корея, Солтүстік Корея  мемлекеттерімен Жапонияға жалғастырса болатын еді. Алайда Ресей ол мүмкіндікті өздерінің пайдасына шеше алмады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған