2016 жыл біз үшін ауыр жыл блды

Құрметті әлеуметтік желідегі достарым!

Ел үшін, халық үшін 2016 жыл экономикалық тұрғыда өте ауыр болды. Нарықтық экономиканың қай саласы болмасын, экономикада өсім аз, құлдырау басым болды. Мұнайдың бағасы, яғни, бір бочкасы 27$-ға түсіп, экономикасы мұнайға тәуелді елдердің басына қара бұлт үйірілді. Бюджетке салықтар түспей, үкімет не істерін білмей састы. Амалсыздан ұлттық валютасын еркіндікке жіберуге мәжбүр болды. Бұрын, құны жоғары болып тұрған теңгеміз бір-ақ күнде құнсызданып шыға келді. (160$- 383$) . Осы кезде инфляцияның деңгейі шарықтап-8.5% ға бір-ақ жетті. Жұмыссыздық деңгейі өсіп-15% ды құрады. Қарапайым халықтың күнделікті өмірге қажетті;

Азық-түліктің бағасы – 9.7 % ға, Су тарифы – 15. 4 % ға,

Газбен қамту – 10.4 %ға,

Электр жарығы – 6.1% ға қымбаттап көтерілді.

Аталған кері экономикалық фактрлер бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, бензин қымбаттаса, азық-түлік те қымбаттайды. Себебі, азық-түлікті жергілікті жерлерге машинамен жеткізеді. Кәсіпкер бензиннің бағасының қымбаттаған айырмашылығының суммасын азық-түліктің бағасына қосуға мәжбүр. Экономикада болып жатқан құлдырау, қоғамда кездесетін келеңсіз жағдайлар қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне ауртпалық түсіруде. Оны ең алдымен әлеуметтік жағы төмен тұрғындар сезінуде. 2016 жылы Қазақстандықтардың сатып алу мүмкіндіктері күннен-күнге төмендей берген. Оны қазір жергілікті кәсіпкерлер сезініп отыр. Үкімет макро-микро экономиканы тұрақтандыру үшін, Европалық қаржы институттарынан, Азия даму банкінен миллиардтап АҚШ$-ын кредит алуға, Ұлттық қордан, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (Б.Ж.З.Қ.) миллиардтаған теңгенің бөлінуіне амалсыздан мәжбүр болды.

Елімізде мемлекеттік қолдауға көбінесе ірі бизнес салалары мен оның өкілдері ие. Шағын-орта кәсіп саласы мен оның иелері ірі бизнестің көлеңкесінде қалуда. Егер, нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей көңіл бөлініп, шағын-орта бизнес көш басында жүрсе, жоғарыда аталған инфляция, жұмыссыздық, теңгеміздің құнсыздануы, азық-түліктің бағасының ретсіз қымбаттауы, монополистердің тарифтерінің ретсіз өсуі, т.б., нарықтық экономикада кездесетін тиімсіз жағдайлар жарыққа шықпас еді. Міне, осы және басқа да себептердің кесірі экономиканың жақсы дамуына кері әсерін тигізді.

Өткен 2016 жылдың Қазақстан халқы үшін қалай болғанын, тиімсіз жағдайлардың неден туындағанын қысқа да нұсқа, түсінікті тілмен сіздерге жеткізуге тырыстық. Осы басып өткен белестеріміз ертеңгі күнге сабақ болсын дедік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған