Сен жемқор болмасаң, ешкім де жемқор болмайды (видео)

413 рет оқылды

Егемендік алғанымызға ширек ғасыр болды. Сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресіп келеміз. Оған кезінде заң да қабылданды. Бірақ, сыбайлас жемқорлықтың қасыретінің беті қайтпақ түгіл жылдан-жылға елімізді жайлап барады. Оған мысал, әкім-қараларды былай қойғанда, дәл қазір ұлттық экономика министрі тергеуде жатыр. Бұл жағдай қанымызға сіңіп кетті. Халықтың биліктегілерге сенбеуі күнделікті жағдай сияқты болып кетті. Бұл індетке балта шабу мүмкін емес. Телевизорды қосып қалсаң, газетті ашып қалсаң, күнде бір шенеунік ұсталып, қамалып жатыр. Бұл Қазақстанның болашағына қатер төндіретін ауыр індет. Байлар байыған үстіне байып, кедейлер кедейленген үстіне кедейленіп барады.  Алшақтық, әлеуметтік теңсіздік шектен шығуда. Елін, жерін, мемлекетін сүйетін Қазақстанның азаматы бола тұра, Қазақстанның келешегінің айқын екенін біле тұра, неге осындай жиіркенішті үрдіске барады?  Оларды осы күнге кім түсірді?  олардың айлықтары да жоғары ғой. Осыған біз түсінбедік, сіз қалай қарайсыз ағайын?

СТВ теле – арнасы “өркениет өзегі” бағдарламасының жүргізушісі, журналист Ынтымақ Бектемісов пен Құрманғали Ашанұлының сұқпаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған