Қазақстанның өз халқының мүддесі қашан да келімсектердің мүддесінен биік тұруы керек (видео)

799 рет оқылды

Әлемдегі мемлекеттердің бәрі Америка Құрама Штаттары емес. Мемлекеттердің атының аталуы сол мемлекетті құрған халықтың атымен байланысты болады. Мәселен, Индия мемлекетін Индустар, Парсы мемлекетін Парсылар, Грузия мемлекетін Грузиндер, Неміс мемлекетін Немістер, Жапонияны Жапондар, сол сияқты Қазақстан мемлекетін Қазақтар құрған. Сондықтан, қай жақтан болмасын Қазақстанда қазақ халқының мүддесі бірінші орында тұруы керек. Биліктегілер олар келеді, кетеді. Бүгін бар ертең жоқ. Бірақ, Қазақстанда қазақ халқы мәңгі қалады. Оған мысал, Егемендік алған кездегі Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстыруға мүлде келмейді. Арасы жер мен көктей. Қазір Қазақстанда  17 миллион 700 мың халық тұрады. Яғни, оның   70% -ын қазақ халқы құрайды. «Елге ел қосылса құт» деп бабаларымыз айтқандай, тәуелсіздіктен бері шетелдерден бір миллионнан аса қандасымыз ортамызға қосылды. Совет үкіметі кезінде тұрған басқа ұлттардың көбісі өз отандарына өз еріктерімен көшіп кетті. Ол процес әлі де жүріп жатыр. Қазақстанда заң бойынша елімізде тұратын барлық халық бірдей. Біз ешкімді нәсіліне, дініне қарап кемсітейін деп отырған жоқпыз. Бірақ, кез келген мемлекеттерде мемлекетті құрайтын ұлт тіл, байлық, ұлттық мүдде, т. б. , жақтардан бірінші орында тұрып, сол елдерде тұратын өзге ұлт-ұлыстар сол ұлттың ығына жығылып отыр. Мысалы, Қытайда 56 ұлт өкілі тұрады. Бірақ, қытай халқының мүддесі бірінші орында тұр. Ресей федрациясы да сол сияқты. Жириновский еврей ұлтының өкілі бола тұра, орыс халқының мүддесін қорғайды. Иранда 30 миллион Азербайжан ұлты тұрады. Бірақ, олар парысша сөйлеп, парысша жазады. т. б. , мемлекеттерде де мемлекет құраушы халықтардың мүддесі алда тұрады.
Жоғарыда мысалға келтірілген мемлекеттерді құраушы ұлттардың басына туған күн бізге қашан туар екен? Қазақстанда қазақтан басқа 130 ұлт тұрады деп мақтанамыз. Әрине, бұл жақсы ғой. Бірақ, осы уақытқа дейін осы ұлттардың қазақ халқының ұлттық мүдесіне жаны ашып, мінбеде орыс халқының мүдесі үшін  деп айқайлаған Жириновский сияқты, қазақ халқының мүдесі  деп айқайлағанын 25 жыл бойы естіммеппіз. Бұған сіздер не дейсіздер, достар?!

«МИР» теле – арнасының «Агро аймақ» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Жолымбет Мәкішев пен Құрманғали Ашанұлының сұқпаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған