Қазақ әйелдері бизнеспен айналысуы керек пе, жоқ па? (видео)

Бүкіл Қазақстандағы әйелдер қауымын “8 наурыз” әйелдер күнімен құттықтаймын!
Біздің аналарымыз, қыздарымыз, қарындастарымыз кез келген елдердің қыздарынан артық болмаса кем емес. Әлемдегі ең сұлу әйел қазақ әйелі. Қазақ елінің жетістіктері, Қазақстан үшін үлкен-үлкен үлес қосып жатқан ерлердің барлығының артында оларды қолдап-қуаттайтын асыл жар, ақылды әйелдер тұр. Кез келген Қазақ әйелі өз елін, ерін сүйіп, кәсіпте табыстарға жетуін, қасиетті қазақ даласында алтыннан, күмістен алқа тағынған аяулы аналардың көбейе беруін тілеймін!Төмендегі сұқпатта қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны және кәсіптенуі туралы кеңестер айтылды.   Қазақ қыздарының басқа ұлттарға тұрмысқа шығуына қарсымын!
                                          Құрманғали Ашанұлы

Қазақстан теле арнасы “Сырға” бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Дайрабаеванің Құрманғали Ашанұлымен тікелей эфирде сұқпаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған