Үкімет қанша көмектессе де, банкирлер өз мүддесін ойлайды

2016 жылдың қортындысы бойынша экономикалық өсім 1 % дық көрсеткішке қол жеткізді. Осы жылы әлемдік мұнай бағасы 27 АҚШ $-на дейін арзандады. Оның үстіне шикізаттардың әлемдік қор биржасындағы бағалары 30 % ға дейін арзандап кетті. Ол аз болғандай, екінші деңгейдегі банктер 5,0 миллиондай азаматтарға әр түрлі үлгідегі несиелер беріпті. Бұл несиелер банк қоржынындағы нашар активтер, немесе проблемалық активтер деп аталады. Жұмыс істемейтін түйткілді, күмәнды несиелердің көлемі 4 трлн теңгенің о жақ бұ жағында болып, екінші деңгейдегі банклердің жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Қаржы институттары оңай ақша дәуірі кезінде банк қоржынындағы активтерге ретсіз шығындарға жол беріп, менеджменті тиімсіз, мақсатсыз жұмыстарға пайдаланды. Алғашқы кездері жылжымайтын мүліктерін банкке кепілдікке қойып, оған миллиондап ақша алып, шетелге қашып кеткендері қаншама?!  Сол жылжымайтын мүліктер көбісі қазір жұмыс істемей, банкке пайда бермей, банктердің активінде тіркеліп тұр. Кезінде несие алып, оны уақытында төлей алмай жүргендердің несие көлемі бір трлн теңгеге жетеді. Осы аталған кері фактлер одан да басқа толып жатқан екінші деңгейдегі банктердің толықтай жұмыс істеуіне кесірін тигізуде. Үкімет екінші деңгейдегі банктердің қызметін сақтап тұру үшін 2009 жылы 14 миллард АҚШ $-ын, кейін 5 миллард АҚШ $-ын берді. 2016 жылы Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорынан 200 миллард АҚШ$-ы бөлінді. Б.Т.А банктің жағдайы анау. Ұлттық банк Казинвест банктің лицензиасын алып қойды. Елімізде дәл қазірге дейін екінші деңгейдегі комерсиалық банктердің саны 33 ті құрайды. Оның екеуі мемлекеттік. Осы жоғарыда аталған коммерсиалық   банктердің қоржынындағы нашар активтерді тазалау үшін,  оларды сауықтыруға үкімет ұлттық қордан 2 трлн теңге қаржы бөлді. Бөлінген қаржыны траншпен бөліп-бөліп ұлттық банктің жанындағы түйткілді проблемалар қорына аударуда. Енді, өзінен өзі сұрақ тумай ма?  Үкімет неге осы коммерсиалық банктерге жылда ақша бөле береді?  Себебі, ол банктердің активтерінде халықтың ақшалары, кәсіпкерлердің есепшоты, шетелдік қаржы институттарының бағалы қағаздары сақтаулы тұр. Үкімет халықтың депозиттерін аман сақтап қалудың мақсатында осындай әрекетке амалсыздан баруда. Тағы бір айта кететін жағдай, банктер үкіметті кепілдікке қойып, шетелдік қаржы институттарынан 3-4 % тен қаржы және бағалы қағаздар алған. коммерсиалық банктерде дәл бүгінгі статиска 16,7 трлн теңге халықтың депазиті сақталуда. Сосын, Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының қаржылары да банктерде сақтаулы. Ол да келешекте сіз бен біздің ақшамыз. Қаншама еліміздегі бизнесмендердің, кәсіпкерлердің есепшоттары сол банктерде ашылған. Егер, бір банк банкрот болатын болса, қазақ елінің азаматтары мен азаматшалары маңдай терімен жинап-тергендерінен бір-ақ күнде айырылады.

Қаржы деген қан ғой ағзада жүретін. Осы ұлттық қордан бөлінген қаржының арқасында, жоғарыда аталған коммерсиалық банктің активіндегі проблемалық несиеден құтылғаннан кейін, экономиканың нақты секторын, атап айтқанда, өндіріс пен шағын-орта бизнесті қаржыландырып, жұмыс  істеуі керек. Сонда ғана экономикамызға қан жүгіреді. Ол үшін, екінші деңгейдегі коммерсиалық банктер өндіріс пен шағын-орта бизнесті несиелендіргенде 3 – 4 % мөлшермен бергенде ғана, елімізде жағдай түзеліп, дамыйтынына мен толық сенемін. Дамыған мемлекеттерде несиенің мөлшері тек 3 – 4 % ғана. Несиенің мөлшері аз болса, қазақтың кез келген азаматтары өзіне ұнаған бизнесін ашып, қорықпай жұмыс істей береді.  Осы кезде барып, егеменді еліміздің тірегі орташа топ қалыптасады .Мәселе осы несиенің төңірегінде болып отыр ғой.

Әлеуметтік желідегі достарым, қайдам, біздің банкирлер 2 трлн емес, 10 трлн берсең де өздерінің маржаларын ойлап, оны бірінші орынға қойып, өлсе де несиенің стапкасын 3-4 % ға түсірмес деп қорқамын. Сіз не ойлайсыз?!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған