Шағын бизнестің проблемасы шешілмей, оның жыры да бітпейді (видео)

Біздің жоғарғы жақтағы шенеуніктер Қытайдан инвестор тартуға, миллиардтап несие алуға құмар-ақ. Жақынғы жылдарда Қытайдан 51 өндіріс орындары көшіріледі деген әңгімелер айтылып жатыр. Одан да Қытайдың шағын-орта бизнеске арнаған жеңілдіктерін тәжірибеге алып, соны неге біздің жергілікті шағын-орта бизнеске қолданбасқа. Ел экономикасын дамыту үшін жалаң қабат шетел қаржысына сүйену ерекше қатерлі. Ал, кредитті де олар тегін беріп отырған жоқ. Келешек ұрпаққа ауыр салмақ. 51 кәсіпорын келді деген сөз қазақтың даласын қара қытай басты деген сөз. Шетел қаржысы топталған Ақтөбе облысында не болып жатқанын телевизордан көріп, газеттен оқып отырсыздар. Нақты мысал келтірейік: Тегін адам таз бола ма дегендей, өз маңдай терімен 32.7 миллиард АҚШ $-ын  жинап, әлемдегі 18-бай атанып отырған, Alibaba Group компаниясының қожасы Джек Маның Астанаға келгенде айтқан сөзіне мән беріп көрейікші. Астана экономикалық форумында сөз сөйлеп «Өзгеге сенбеңдер, сырт елдің көмегінсіз өмір сүруге тырысыңдар. Өз экономикаларыңды өздерің көтеріңдер, мемлекеттеріңе тиімді болады» деді. Оның айтуынша, бізге кіші кәсіпкерлікті дамыту керек. «Кіші-кірім компаниялар неғұрлым көп болса соғұрлы жақсы. Қызмет көрсету саласын, жалпы экономиканы көтеруге кішірек фирмалар ұтымды. Соған жастарды бейімдеп үйретіңдер» деді. Бұл ақылын ол бізге жайдан жай айтпаса керек. Біз оның сөздерінің жақсы жағын неге өз отанымыздың экономикасына қолданбаймыз. Ол да тегін адам емес қой. Сіз не дейсіз?!

МИР теле-арнасы “Отандық өндіріс” бағдарламасының жүргізушісі, журналист  Арайлым Еркінбаеванің  Құрманғали Ашанұлымен сұқпаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған