Наурыз мерекесінде Ұлы Бабаларымызды еске алайық! (видео, фото)

Құрметті әлеуметтік желідегі достарым, сіздерді қасиетті Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық және осы нарық заманында өз орындарыңызды тауып, егеменді Қазақстанның белді азаматтары болуларыңызды тілеймін!

Мүсірәлі Сопы Әзіз бүкіл қазаққа аты мәлім, «Үш жүзге пір болған», «Жеті өлікке жан берген», 1680 жылы Күлтөбеде Тауке Хан Хан сайланғанда, кейіннен бүкіл қазақ халқына пір таңдалады. Қойған шарттан сүрінбей өтіп, бүкіл қазақтың пірі болады. Далалық ата заңымыз Тауке Ханның «Жеті жарғысына» дін жағынан бақылау жасап, оның орындалып отыруына Мүсірәлі Сопы Әзіз көп еңбек сіңіреді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің замандасы, Әйтеке бидің шәкірті. Мүсірәлі Сопы Әзіз өз кезінде осындай қасиетті адам болған.


Біз және келешек ұрпақ осындай бабаларымызды мақтан тұтып, әрқашан олардың елі үшін істеген еселі еңбектерін есте сақтап, құрмет, үлгі етуіміз керек.
Жылдың басы саналатын дәстүрлі ұлы мерекеміз-Әз Наурыздың келуіне байланысты, оқырмандарыма осыдан біраз жылдар бұрын «Рахат» теле-арнасының белгілі журналисы Жұлдыз Байнолла ханым мен Құрманғали Ашанұлының Мүсірәлі баба және Наурыз мерекесі жөніндегі әңгіме- сұқпатын ұсындым. Наурыздан Наурызға аман-есен жете берейік!

 «Рахат» теле-арнасының белгілі журналисы Жұлдыз Байнолла ханым мен Құрманғали Ашанұлының Мүсірәлі баба және Наурыз мерекесі жөніндегі әңгіме сұқпаты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған