Банктердің бірігуінен қорықпай, шетке кеткен капиталдан қорқу керек

Банк саласына 2 трлн. теңге ұлттық қордан бөліне қалып еді. Сарапшылар, қаржыгерлер және халық  арасында бөлінген қаржы туралы әр түрлі алыпқашпа сөздер айтылып жатыр. Әрине, бұл қалыпты жағдай. Бұған түсінікпен қарауымыз керек. Ақшаның бөлінгендегі негізгі мақсаты коммерсиалық банктердің нарықта толыққанды жұмыс істеп кетуінде. Банксіз мемлекет болмайды. Нарықтық экономикада әлемде осы сала ғана мемлекетті көркейте алады. Мен мемлекетті көркейте қоятын басқа саланы көріп отырған жоқпын. Экономиканың нақты секторын, өндірісті, шағын-орта кәсіпті төменгі пайыздық өлшеммен несиелендіретін, оларға бүкіл экономикаға қан жүгіртетін қаржы. Яғни банк. Қаржыны не үйде не кәсіпоррында ұстап тұра алмаймыз. Тек қаржылық операциялар коммерсиялық банктер арқылы іске асады. Енді өзінен өзі сұрақ тумай ма?

Неге коммерсиялық банктер бірігіп жатыр?

Енді осыған жауап берелік:
    Қазақтан Дүние Жүзілік Сауда Ұйымының толыққанды мүшесі. Европалық қаржы институттарының капитал көлемі үлкен, Яғни, қаржылары алып кит деуге болады. Ол елдің Ішкі Жалпы Өнімі (І. Ж. Ө) бірнеше трлн. евро(€) дан  асып кетеді. Қазақстанмен салыстырғанда олардың халқы да көп. Европалық банктердің нарықтағы тәжірибесі екі жүз жылдан артық. Олардың банклері озық технологиямен жұмыс істейді. Қазақстанның І. Ж. Ө-і  217 миллиард АҚШ  доллар ()-ын құрайды. Мәселен; әлемдегі ірі 24 банкінің біреуі Қазақстанның бір коммерсиялық банксімен бірлескен үлкен халықаралық жобаны қолға алып, капиталдің жартысын олар, жартысын Қазақстанның коммерсиялық банкісі қаржыландыратын болса, онда Қазақстан банкісінің капиталінің мөлшері жетпей, ыңғайсыз жағдайға тап боламыз да, халықаралық ортада беделіміз төмендеп, елімізге инвесторлар келмей қояды. Мысалы: Германия халқы 80 миллион адамды құрайды. Европа мемлекеттері экономикасының көшбасшысы. Германия мемлекетінің “Dtutsche Bank” сияқты бір-ақ  банкісі біздің екінші деңгейдегі 33 коммерсиялық банктерді ғана емес, бүкіл экономикамызды жұтып қоятындай шамасы бар. Сондықтан, еліміздегі коммерсиялық банктердің бірігуінде тұрған қорқынышты мен көріп тұрған жоқпын. Бұл жерде егер банктер біріксе, капиталдары іріленіп, халықаралық банктерге төтеп беріп, қарсы тұрып, нарық бәсекесінде жұмыс істей алады. Онда мемлекеттің, халықтың мүддесі тұр. Яғни, бабаларымыздың айтып кеткен «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген тағылымы экономика саласына да ауадай қажет екенін түсінеміз.

Құрметті достар, өмір бір орында тұра бермейді. Дамиды, өзгереді, алға ілгерлейді. Әрқандай бір ел әлемдегі қаржы дүниесінде өзі ұтылып қалмаудың, баянды дамудың жолын қарастырады. Билік те келеді, кетеді. Дамыған Малайзия, Сингапур мемлекеттерін мысалға алсақ, билік ауысса да, банктер бәз-баяғысындай сол мемлекеттегі халықтарға жұмыс істеуде. Болашақта да банктер өз міндетін осылай атқара береді. Сондықтан, банктердің біріккенінен қорықпай, шетке кеткіп жатқан капиталдардан қорқуымыз керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған