Халық өз еркімен барып торға түсіп жатыр

Мұны жазып отырғаным, бұл проблема қоғам алдында өзекті мәселе болып отыр. Бұрында да кездесетін. Бірақ, оған онша көп мән бере бермейтінбіз. Бұл бәленің әр салада түрлері көп екен. Әсіресе, экономикалық дағдарыс кезінде өршіп, қарапайым халыықты алдау-арбау көбейіп, маңдай терімен тапқан ақшасын алу үшін, іші бауырына кіріп, өлердегі сөзін айтып, қазір 100 мың теңге салсаң, ертең 200 мың теңге алып байисың деп күні-түні қасыңнан шықпай мазаңды алатындар көбейіп кетті. Осы кезде өте сақ болып, сауаттылық танытып, келген адамның бетін қайтарып отырмасаңыз, ақшаңыздан айырылып, денсаулығыңыз сыр беріп, істеген ісіңіз үшін өкінішпен өмір сүретін боласыз.

Алматы үлкен қала болған соң, шетелдіктер келіп, үлкен-үлкен жобаларға инвестиция  саламыз деп, оны газет-журналдар, телевизор арқылы жарнамалайды. Бұл әрине қоғам болған соң қалыпты жағдай. Бірақ, ол жобалардың іске асқанын көріп жатқанымыз жоқ. Тек қағаз жүзінде қалады. Қағаз жүзіндегі осындай ірі жобалар акциясын сатып алатын азаматтарға мен таң қаламын. Сіз білмейсіз ғой, ол жоба ертең өзін-өзі  ақтай ма, жоқ па?  баға бір орында тұрмайды. Кейін құны өсіп кетсе, оны қайтадан қарауға тура келеді. Сонымен бірге әкімдер де бір орында тұрмайды ғой. Мұндай жобаларға салынуға тиісті ақшалардың көлемі өте үлкен болады. Сондықтан, бұған өте сақтықпен қарау керек. Ол жобалардың мерзімі бірнеше бес жылға кетеді. Осыны да есте сақтаған жөн.

Дүкендер мен адамдар көп баратын орындарға автоматтар көптеп қойылған. Байқаймын, сол автоматтардың қожайындары басқа ұлттардың өкілдері. Ал, сол автоматтардан ұтылып, жұмыссыз жүргендер кілең қара көз қандастарымыз. Осыны ойнайтындардан мен әдейі ерінбей барып, «Осыдан сендер ақша ұттыңдар ма?» деп сұрадым. Бәрі үндемей, қашқақтайды. Соған қарағанда солардың автоматтардан қарқ болғаны шамалы-ау деймін. Бұл да анықтап қараған кісіге төңірегімізде толып жатқан проблемалардың бірі болып саналады.

Құрметті достар, күнделікті өмірде болатын, сіз бен біз көріп жүрген қоғамдағы келеңсіз жағдайлар елімізде кең таралып, Қазақстан азаматтары зардап шегуде. Тағы бір түсініксіз жағдай бұл  орнатылған көпшілік жердегі автоматтар, “100 мың салып 200 мың алатын” компаниялар, іске аспаған үлкен жобалардың акциясы заңға қайшы емес.  Азаматтар өз еркімен барып, торға өздері түседі. Егер, осындай жеңіл жолмен ақша табылатыны шын болса, осыншама көп кәсіпкерлер неге күні-түні шапқылап, салық төлеп, шағын-орта кәсібін ашып, зыр жүгіріп жүр?  Осы жағдайлар мені қатты ойландырады.

Мен сіздерге өз көзіммен көрген мына мысалдарды айта кетейін:  

  1. Кезінде бірге жұмыс істеген, бұл күнде еңбек демалысындағы бір апайымыз зейнетақысын салып жіберіп, алданып қалыпты да, маған көмектес деп келіпті.

2.Жақын достарымыз деопазиттен ақшасын шығарып алып, анық-қанығын білмей тұрып, аса ірі бір іске аспаған жобаның акциясына ақшасын салып жіберіп, жер сипап қалыпты.

  1. Қасымда адам болады-аудеп көмектесіп жүрген бір ініміз менен ұрдалыпбарып, айналамыздағы автоматтармен ойнап, одан ұтылып, жиған-тергенінен айырылып қалғанын кейін бір- ақ білдік.

Бұл жерде біз ешкімге ақыл айтайық деп отырғанымыз жоқ. Жаныңыздағы жақындарыңыздың, дос-жарандарыңыздың ел экономикасының және халықтың қиыншылық дәуірінде қайдағы біреулердің алдам қалтасына түсіп қалмауын бәріміз ескеріп, ескерте жүрейік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған