ТАЙЛАҚ БАТЫРДЫҢ КЕРЕЙТ ЕКЕНІНДЕ ТАЛАС ЖОҚ

Жақында қазаіргі қазақтың маңдайалды сайттарының бірі – abai.kz  де «Қазақтың бас батырларының бірі – Тайлақ батыр» атты мақала жарияланды. Мақала авторы Қуанышбай Орманов бала күнінде ел арасындағы құймақұлақ қариялардан естіген әңгімелерінің желісін тарих ғалымдарының жазбаларымен ұштастыра отырып, қазақтың бас батыры Тайлақ батыр жөнінде ой өрбітеді. Аталған мақала мына сілтемеде: https://abai.kz/post/113140

Қуанышбай Орманов мақаласында Тайлақ батырдың тегі Кіші жүздің Жетіруының қайсысы деген сауалға жауап беруге тырысқан болады да, батырды Жалғалбайлының баласы дегенді қуаттайды. Тайлақ батырдың тегі жөнінде азды-көпті таластың бар екені бұрыннан белгілі. Дегенмен, бұрынғы-соңғы зиялылардың бәрі еңбектерінде бірауыздан батырдың руын Керейт деп айдан анық жазып кеткен болатын. Атап айтар болсақ, В.В. Радлов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин, Манаш  Қозыбаев, Әнуар Әлімжанов, Әбіш Кекілбаев, Мардан Байділдаев, Мұхаддес Есләмғалиұлы, Мұқтар Мағауин қатарлы қарымды қаламгерлер өздерінің түрлі еңбектерінде Тайлақ батырдың керейттен шығып, “Ақтабан шұбырынды, алқа-көл сұлама” аталған Жоңғар шапқыншылығы кезінде, Кіші жүздің қолын бастап, Бұланты-Бөленті өзендерінің ортасындағы “Қарасыйыр” деген жерде жаудың мың сан ауыр қолын есеңгірете жеңгенін алға тартады. Ал, осы шайқаста Тайлақпен қатар аталатын Ұлы жүздің Ошақты  руынан шыққан Саңырақ батырдың ұрпақтары Сыр бойында күні бүгінге дейін Керейттермен бірге қоныстанып келеді. Яғни екі батырдың нағашы-жиендік қатынасы осы уақытқа дейін бабалар аманатының жалғасы іспетті көрініс беруде.

Тарихқа біркісідей үңіліп жүрген азамат ретінде айтарымыз, тарихта Тайлақ деген батырдың біреу ғана болмағаны белгілі. Бірақ, «Қарасиырда» керейттің жиені Саңырақ батырмен бірге  қалмақты қырып, қазақты шешуші жеңіске жеткізген Тайлақ батыр – Керейт. Бұны жоғарыда аттары аталған қазақтың қарымды қаламгерлерінің зерттеулеріне сүйене отырып, түктесін қойған болатынбыз. Олар еңбектерінде Тайлақ батырды Керейт деп жазбаған болса, біз де жоқ жерден дәлелсіз дүние жазбас едік. Енді осымен батыр бабамыздың руына талас тоқтады-ау десек, өткен жылы профессор ағамыз Брікбай Сағындықұлының да “Тайлақ батырдың тегі қандай” атты мақаласын кездестіріп қалып, ол кісіге де сыйластықпен жауап берген едік. Берікбай ағамыз мақаласында Тайлақ батырдыың руы Тілеу деген тұжырымға келеді. Ағамызға жауап  ретінде жазған мақаламызды мына жерден оқуға болады:

Біз осыдан он бес жыл бұрын жоғарыда аталған деректерді негізге ала отырып, көзі тірі классиктер М.Байділдаев, М.Қозыбаев, Еркеғали Рахмадиев, М.Мағауин қатарлы ел ағаларының кеңесі негізінде жазған мақаламыз  «Қазақ әдебиетіне» жарияланған. Осыдан кейін Тайлақ батырға талас тынышталған болатын. Кейін сол мақаланы «Керейт ата ұрпақтары» атты кітапқа да енгізген едік. Назарларыңызға сол мақаланы түспнұсымен ұсынамыз.

1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg

Сөз соңында, көп тарихи деректерге негізделе отырып, он жыл бойы айтыс-тартыстан кейін, «Үш жүзге пір болған, жеті өлікке жан берген» Мүсірәлі сопы әзиз бабамыздың руының да Керейт екеінін дәлелдеп, тұрақтандырғанымыз сияқты, Тайлақ батыр бабамыздың да руының Керейт екенін бәріміз бір ауыздан мойындап, батырдың руы туралы таласты қайта өршітпеу керек деп ойлаймыз!

Құрманғали Ашанұлы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспендент мүшесі, ҚР журналисттер одағының мүшесі  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған