Әбуб0әкiр ҚАЙРАН. ҚҰРМАНҒАЛИ АШАНҰЛЫНА АРНАЛҒАН НАУРЫЗ ӨЛЕҢI

164 рет оқылды

 

 

 

Ау, Құраға, өмiрде

Отыз екi тiсiмнiң

Қақсағанын бiлмедiм,

Сынсадағы аяғым,

Ақсағанын бiлмедiм.

Жақсы адамды жақсы адам

Жасқағанын  бiлмедiм?

Сөйтiп сөйлеп жүрсем де,

Қарызды қайтармай,

Айтарымды айта алмай,

Адамға ұқсап күлмедiм,

Алшаң басып жүрмедiм.

Сонау бiр күн бар едi

Дүкенiңе кiргенiм.

Сұрастырып көрiп ем,

Жоқ екенсiң – бiлгенiм.

 

Наурыз алды найқалып,

Жүргiм жоқ су шайқалып.

Қайта-қайта мастығым

Қала бердi байқалып.

Кетсем деп ем сол күнi

Қарызыңды қайтарып…

(Жүрегi үлкен, жаны iзгi

Азамат бар тәрiздi.

Әбубәкiр сау болса.

Қайтарады қарызды!)

 

Ау, Құраға, не дейiн,

Жырдан жаңбыр себейiн.

2000-ның наурызын

Бiраз тойлап көрейiн.

 

Кедейлiк пен  мырзалық

Қатар есiп, өрейiн.

Нар тұлғаңды көргенде –

Құлжа асықтың кенейiн

Көргендей боп жүрейiн,

Жақын дос деп бiлейiн…

 

 

Келген Наурыз құт болсын,

Қазаныңа сүт толсын!

Қазағымның қамы үшiн,

Қара үйiңдi тiккенсiң.

Таңға мойын созарсың,

Талай белдi бүктерсiң.

Құлпыра бер, құлама,

Құдай сенi құп көрсiн!

 

Тiлек осы, Құраға,

Тiлге тиек тұра ма?

Осы аз ғана өлеңiм –

Мынау наурыз тойыңда

Тартқан саған сыбаға!

Ақ тiлегiм жақ болсын,

Әбубәкiр ақынның

Кейбiр iсiн сынама.

Мақтан емес – бауырың

Батқан емес күнаға…

Қабыл алсаң, жырымды,

Түсiнерсiң, Құраға!

 

22 наурыз, 2000 жыл.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған