ЖАҢА ДҮКЕНIҢНIҢ АШЫЛУЫ

585 рет оқылды

ЖАҢА ДҮКЕНIҢНIҢ АШЫЛУЫ МЕН

                 ТҰСАУКЕСЕРIНЕ

 

Уа Құдайым қолдасын,

Еш жамандық болмасын.

Басыңа бақыт орнасын

Малды бол, жанды бол,

Қатарыңның алды бол!

Абырой бер, аман сақта,

Оттан, судан сақта,

Тiлсiз жаудан сақта!

Дүкенiң қазыналы болсын,

Келушiлер базыналы болсын.

Табысың мол болсын,

Таусылмас көл болсын,

Игiлiк талабыңа,

Кедергiсiз жол болсын!

Дастарханың берекелi болсын,

Әрбiр жылың мерекелi болсын!

Осы айтқан Батам –

Перiштенiң құлағына шалынсын,

Ошағын молшылыққа

малынсын!

Әумин!

Адал ниет, шын көңiлмен ағаң Ршатбек.

Жұма, 27 тқазан, 2000 ж.

Алматы қаласы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған