Жұмабек КЕНЖАЛИН. Баяғы заманда бiр атамыз айтқан екен

192 рет оқылды

P.S.  Баяғы заманда бiр атамыз айтқан екен: Сенiң әуселеңдi қиыншылық кезде көрейiн деп. Қаржылық дағдарыс Қазақстандағы ұлттық холдинктердi, банктердi, ұлттық компанияларды басқаратын менеджерлердiң басым бөлiгi кәсiби тұрғыдан қарағанда қабiлетсiз екендiгiн айқындап, кiмнiң кiм екенiн ашып бердi.  Осы компанияларды, банктердi  мемлекет қарауына алмағанда күнiмiздiң не боларын кiм бiлсiн?!

Қандай менеджер шетелден төменгi пайызбен қаржы алып, оны шетелге салады. Ең жаманы мемлекет  пен сiздi кепiлдiкке қойып миллиардтаған қаржы алады. Қазiр солардың көбiсi шетелге қашып кеттi. Осы кезде қадағалайтын шенеунiктер қайда кеттi екен? Халықтың қалтасынан жымқырған ұрланған ұрыларды ұстамай. Сорақысы, акциялары банкроттың алдында тұрған шетелдiк компаниялардың акциясына дағдарыс кезiңде миллиардтаған ақшаларын жұмсап сатып алғаны. Әлгi шетелдiк компаниялар өздерiн банкротқа жариялауы. Сол кезде акцияға жұмсалған ақшалар, бiр күнде-ақ құнсызданып шыға келдi де  дағдарыс кезiнде әншейiн қағаз боп қалады. Менеджерлердiң бәрi орыстiлдiлер өз тiлiн, өз халқын менсiнбейтiндер.  Ең өкiнiштiсi миллиардтаған қаржыны желге ұшырып, мемлекетке келтiрген шығындары үшiн бiреуi де, заң алдында жауап бермеуде. Ал, елде  тауық ұрлағандар түрмеде отыруда. Бұған не деп жауап беруге болады.  Құрметтi оқырман ендi кiм кiнәлi екенiне өздерiңiз көз жеткiзе аласыздар.

 

 

Жұмабек КЕНЖАЛИН,

«Қазақ газеттерi»  Жабық акционерлiк

Қоғамының президентi,

 саяси ғылымдарының докторы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған