Арнаулар

188 рет оқылды

«Қазақ әдебиетi» газетi ұжымының 1999-2000 жылдардағы газетте жарияланған шығармаларды Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ұсынуға арналған жиналысының

МӘЖIЛIСХАТЫ

Жиналысқа қатысқандар:

  1. Ж.Қорғасбек – Бас редактор.
  2. Н.Ораз – Бас редактордың орынбасары.

3.Е.Жаппасұлы – жауапты хатшы.

  1. Ә. Меңдеке – бөлiм меңгерушiсi, редакциялық алқа мүшесi.
  2. Д.Рамазан – бөлiм меңгерушiсi, ред-қ алқа мүшесi.
  3. Қ.Боқаев – бөлiм меңгерушiсi, ред-қ алқа мүшесi.
  4. Ә.Бөпежанова – бөлiм меңгерушiсi, ред-қ алқа мүшесi.
  5. А.Мекебайұлы – бөлiм меңгерушiсi, ред-қ алқа мүшесi.
  6. Н.Жұмаханұлы – бөлiм меңгерушiсi.
  7. Т.Шапай – тiлшi.
  8. А.Әлiм – тiлшi.
  9. Ә.Ғали – газеттiң белсендi авторы.
  10. Қ.Ашанұлы – газеттiң белсендi авторы.
  11. Т.Сылдырбайұлы – меншiктi тiлшi және өзге де мүшелерi, барлығы 21 адам.

 

  1. Жиналыстың төрағасы – Е.Жаппасұлы.
  2. Хатшысы – Қ.Боқаев.

 

Ж.Қорғасбек: «Қазақ әдебиетi» газетi республикамыздағы аса беделдi де ықпалды басылымның бiрi. Газетте ежелден-ақ оқырмандар талабына сай, жұртшылықта қозғау саларлық мақалалар, өлеңдер, әңгiмелер, зерттеу еңбектерi тұрақты жарияланады.

1999 жылдан берi газеттiң сапасы артып, жарияланымдар тартымды бола түскенi мәлiм. Газетте жарияланған шығармалар Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының тарапынан лайықты  бағаланып жүргенiн ризашылықпен айта аламыз. Биылғы Жазушылар одағының «Алаш» сыйлығы берiлген ақын-жазушылардың бәрi де газеттiң белсендi  авторлары. Өткен жылдары Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болған  авторларымыз баршылық. Журналистер одағының  «Қазақ әдебиетi» газетiндегi материалдарға әдiл баға берiп, қамқор болып келе жатқанына да дән ризамыз.

Мiне, бүгiн бiз тағы да бас қосып Қазақстан Журналистер одағы сыйлығына лайық шығармаларды   сараптауға жиналдық.

Қане, кiмнiң қандай шығармасы лайық? Пiкiрлерiңiздi ортаға салуды сұраймын.

Қ.Боқаев: Менiңше былтырдан бергi жарияланған шығармалардың iшiнде газеттiң белсендi авторы Құрманғали Ашанұлының жазғандары Журналистер одағының сыйлығына лайық. Құрманғали Ашанұлының есiмi республика оқырмандарына кеңiнен таныс. Ол басылым беттерiнде жиi көрiнiп жүр. Қазақстан Журналистер одағының мүшесi әрi iскер кәсiпкер, мамандығы экономист. Бизнесте, кәсiпкерлiкте де беделдi. Оның жазған мақалаларының iшiнде әсiресе, шағын бизнес пен кәсiпкерлiк проблемасы, жұмыссыздықты жою жөнiнде жазғандары ерекше құнды. Басқаша айтқанда өмiрдiң қайнаған ортасында жүрiп, көзiмен көрiп, басынан өткен жайттарды, бүгiнгi күнгi тiрлiк мәселелерiн кәсiби қаламгерлерге қарағанда әлдеқайда терең қозғап жазуымен ерекшеленедi.

Жалпы журналистер қауымында кәсiпкерлiктi, бизнестi Қ.Ашанұлынан артық түсiнiп, терең қозғап жазып жүрген журналистер кемде-кем. «Қазақ әдебиетi» газетi редакциясына оның мақаласына орай келiп жатқан хаттар тасқыны да бұған айқын дәлел болса керек. Мәселен «Шыншыл саудагер Алланың шейiттерiмен бiрдей» (1999 ж. №36-37, 17 қыркүйек). «Жұмыссыздық; ай, мен қауiп еткеннен айтамын» (1999 ж. №45, 5 қараша) секiлдi мақалалары оқырмандарға күштi қозғау салды.

Д.Рамазан: Бұл ұсынысты мен де қолдаймын. Жалпы экономика, әсiресе бизнес, кәсiпкерлiк тақырыбына кез келген журналистiң тiсi бата бермейдi. Көбi үстiрт жазады. Ал. Қ.Ашанұлының «Қазақ әдебиетiнде» былтырдан бергi жарияланған мақалаларын оқып риза болу аздық етедi, одан тiрлiк сырын зерделеп үйренуiмiз керек. Бұлай дейтiнiм, мен де кәсiпкерлiкпен айналысамын. Ашанұлының мақаласын оқып көп жайдың сырын ұқтым. Көптеген жастардың Қ.Ашанұлының мақаласын iздеп жүрiп оқып, кәсiпкерлiктi үйренiп жүргенiне куәмiн. Мiне, қаламгерлiк деп осыны айт. Журналистер одағы сыйлығына оның мақалалары әбден лайық.

Ә.Меңдеке: Мен кәсiпкерлiкпен шұғылданбаймын, экономика тақырыбына қалам тартпаймын. Содан болар мен Ашанұлының «Керейттер» туралы тарихи тақырыпқа арнаған мақаласының (1999 ж. №25, 18-25 маусым, №34-35, 10 қыркүйек) құмарта оқыдым. Ашанұлы тарих, дiн тақырыбында да тереңдеп жаза алады. Әрине, бұл тақырыпта ғалымдар да жазушылар да терең бойлап жаза бередi ғой.

Ал экономика тақырыбы әсiресе, қазiр жиi сөз болып жүрген шағын бизнес туралы Ашанұлынан артық мәндi  мақала жазғандарын ұшырастырмадым. Демек Ашанұлының бизнес  туралы жазғандары Журналистер сыйлығына лайық деген  пiкiрге қосыламын.

А.Мекебайұлы: Мүйiзiмiз қарағайдай жазушы болсақ та кәсiпкерлiкке келгенде жас шәкiрт сияқтымыз. Көптеген роман, повесть жазсақ та кәсiпкерлiк туралы Ашанұлы жазған мақалалардан үйренерiмiз көп десем артық айтқаным емес. Кәзiр халық әсiресе, Қазақстанда саясат, мәдениет, өнер туралы жазған дүниеден гөрi бизнес, кәсiпкерлiк туралы пiкiр, тәжiрибе, ықылас-ниет жөнiнде жазылған мақалаларға көбiрек мән берсе керек. Ашанұлының «Қазақ әдебиетiнде» жазылған мақалаларына жұрттың ерекше ықылас қоюы сондықтан болса керек. Қазiр өмiрге керек, қазаққа қажет дүние жазғаны үшiн мадақ та, сый-сияпат та қажет. Демек Журналистер одағының сыйлығына Ашанұлының мақалалары лайық дегендi қызу қуаттаймын.

Н.Ораз: Бұл пiкiрлерге  мен де қосыламын. Биылғы газетiмiздiң №3, 21 қаңтар күнгi санында жарияланған «Әрекет болмай, берекет жоқ» деген мақаласы шағын бизнестiң қыр-сырын ашып, орынды мәселе қозғағанымен құнды. Бұл да    оқырмандар ықыласына бөлендi.

Ә.Бөпежанова: Ашанұлының биылғы 2000 жылғы 12 мамыр күнгi «Қазақ әдебиетi» газетiнде жарияланған «Менi бiреу түсiндi, бiреу түсiнбедi» деген мақаласында Алматыда өткен халықаралық экономикалық саммиттiң мән маңызын тереңiнен қозғап Алматыдағы Сейфуллин көшесiндегi жұмыссыздар мүддесiне дейiн, шағын бизнестi дамыту мәселесiнен бастап Қазақстан экономикасының келешегiне дейiн талдау жасағаны оқырмандардың көкiрек көзiн ашатын құнды дүние болып шығыпты. Менiңше осы мақаланың өзi де Журналистер одағының сыйлығына лайық.

 

Қаулы

 

Белгiлi журналист, кәнiгi кәсiпкер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi Құрманғали Ашанұлының  «Қазақ әдебиетi» газетiнде 1999 жылғы және 2000 жылғы жарияланған мақалалары, әсiресе кәсiпкерлiк, шағын бизнес, орта бизнес, жұмыссыздықты жою жөнiнде жазған публицистикалық мақалалары Қазақстан Журналистер сыйлығын алуға ұсынылсын.

 

Жиналыс төрағасы

«Қазақ әдебиетi» газетiнiң

жауапты хатшысы                                           Е.Жаппасұлы.

Жиналыстың хатшысы                                  Қ.Боқаев.

***

Жан сезiмiн жүрек, қылын тербеткен лирикалық өлеңдерiн бере бiлген.

дүлдүл ақын Сәкеннiң, Бiржанның Сараның елi Сұлулық жайнаған –

жер жаннаты Көкшетаумен, Ақ күрiштiң мекенi, ақын-жыраулар аялаған, ән мен жырдың, Сырдың елi. Бүгiн мiне Сәуле мен Құрманның арқасында Астанамыз Алматыда, мынау үлкен сарайда бас қосып құда болып отырмыз.

                         I

 

Таусылмас ұлы өзеннiң арнасындай

Жайдары жақсылықтың ордасындай.

Жаһаншадай ағай арамызда

Бiр тойы   көптен күткен келдi осындай.

Қуанышпен тасқындап өмiрде

Құрман тiрек болғандай көңiлiне

Жаһанша ағай бiздiң не айтар екен

Қосылған баласы мен келiнiне

 

Асқақтаған арманы бар ойында

Жалындаған жақсы ниет бойында

Көкшетаудан келген ағай Негмет

Сөз сөйлесiн Сәулешiнiң тойында.

 

Атақты бiр аудан ғой

Қызыл-Ордада Жалағаш

Жалағашта болғандар

Бейiшiне қарамас.

Сол жақтан келген ардақты

Сабырлы әрi салмақты

Сәулешiм менiң гүлiм деп

Келiнiм келдi бүгiн деп

Дәмелi апай сөйлесiн

Отырған әне күлiмдеп.

 

Ананың көңiлi балада,

Баланың көңiлi далада.

Ардақты ана, сiздермен

Көркейедi  замана.

Ержетедi балалар

Жылдарды  салып араға

Теңiн тапса тегiн бер

Той жасамай бола ма.

Сәулештiң ендi мамасы

Сөз Сәбира анаға.

 

Құрманғали-Сәулешiм бақыттарыңды

Болашақта армандар

Кәдiрлi де, құрметтi

Ардақты ағаң – Мардан бар

Поэзия мүнарасын

Еңбегiмен жайнатқан

Сұлу Сырдың жырауларын

Жаңаша бiр сайратқан

Ағалардың еңбегiмен

Өрiсiмiз кеңейтiп

Келе жатыр Мәкеңе бiз

Кадiрлеп сөз берейiк.

 

Баласына айтпас сiрә кiм тiлек

Сәулесiне мол бақытты  жүр тiлеп

Сөз беремiз ендi Күлпан апайға

Мол қуаныш жауып  өтсiн сiркiреп.

 

Жұман ақсақал арамызда

Үлкендерге сөз бермей қаламыз ба

Үй болып, отау тiктi Құрманғали

Арналсын тiлегiңiз балаңызға.

 

Жаңыл апай бiр жасыңыз мың болған

Ұл өсiру ешкiм айтпас оңай деп.

Қолыңызда өзiңiздiң, отау тiгiп үй болған

Мәдiрайым, Сәмит пенен Тағайбек.

Шiркiн өмiр бiр орнында тұрған ба

Той ғып жатыр кенже ұлыңыз Құрман да.

Сөз кезегi Жаңыл апай  сiздiкi

Кiм сөйлейдi өзiңiздей ардақты ана тұрғанда.

 

Аққошқардың сәлемiн терiп келген

Нағыз тойдың иесi – Серiк келген.

Жалағаш, Қызыл-Ордадан бiр топ адам

Осы тойға Серiкке ерiп келген.

Көңiлi аспанға ұшып қалықтаған

Серiк ендi сөйлейдi жалықпаған.

 

Айтар сөзi ақ ниетi  бойында,

Асқақтаған арманы бар ойында.

Сөз беремiз ендi Әкбар ағайға.

Құрманғали iнiсiнiң тойында.

 

Жақсы ағалар iнiлердi жақсылыққа бастайды

Ағалары iнiсiне ақ құшағын ашпай ма.

Құрманжанның қадiрлейтiн құрметтейтiн ағасы

Кiм жетедi ортадағы өзiмiздiң  Каспайға.

Каспай ағай бiр жұмыспен жүр екен

Сол себептi сөз сөйлейдi бiздiң жеңгей.

Сөз берсек те той үстiнде Рекеңе.

 

Бақытжанның орны бөлек алайда

Сөзiн айтсын Сәулесiнiң тойына.

Ал Бақытжан сөз сөйлеп жiбер жарай ма?

 

Тойды тойлап бiздер бүгiн ерекше

Екi жасты отау қылдық емес пе?

Жақсы көрген Сәулешжанның жеңгесi

Сөз берейiк көкшетаулық Дәмешке.

 

Көрген шақты бүгiн Сәуле келiнiн

Қуанышпен шалықтаған көңiлiн.

Күлтан апай, Құрманғали үй болыпты

Айтып өтсiн өзiнiң  бiр тiлегiн.

 

Өзi ұстаз жас ғалым

Ғылымның қуып аңсарын

Келе жатқан Iльяс

Құттықтаса деймiз бiз

Шәкiрттерiн, достарын.

 

Жүректiң отын жандырып

Құмарын жұрттың қандырып.

Құрманның досы Шарханжан

Өзi жас, әрi боксер

Жiберсе бiр тост алдырып.

 

Есте сақта күндi бұл Бибiгүл-ау

Жақсы-жақсы жай болған Бибiгүл.

Үлкен-үлкен той болған

Сөзiңдi сөйле бiзге ендi

Бiр жақсылық ойласаң

Өзiңде бiздi шақырсаң

Жылдамырақ той жасап.

 

Ие болып келе жатқан жақсы атқа

Қол ұстасып бiр жететiн мақсатқа.

 

Сөз берейiк жолдасы Құрманның

Құрметтi қадiрiмiз Мақсатқа.

 

Төрт жыл бiрге оқыған

Финансист Бек сөйлесiн

Құрман менен Сәулешке.

 

Жақсылықта шегi жоқ қой бұл елдiң

Шексiздiгiн қуаныштан бiлермiн.

Той үстiнде келiп мiне

Гүлстандай жеңгемiзге тiрелдiм.

Той дүрiлдеп, көңiл шалқып  тұрғанда

Ақ тiлегiңiздi айтыңызшы Сәуле менен Құрманға

 

Қаза берсек негiзiн

Жақсы жанның сөзiнiң

Құрметтi Мариям

Сәулешiнiң тойына

Сөзiн айтсын өзiнiң.

 

Ғылыммен сусындатқан елiмiздi

Сiлкiтпей үстел тұрған жерiмiздi

Құрманжанның ағасы абзал жiгiт

Тыңдаймыз Алмастай бiр ерiмiздi.

 

Қашық емес арасы

Құрманның Сұлтан ағасы.

Оқытушы   кандидат

Жалағаштың баласы.

Бiр шаңырақтың қарасы

Қорыта келiп сөзiмдi

Сұлтекеңе сөз берем

Сөзiмнiң болмас аласы.

 

Құрманның құрметтер

Бiр ағасы, жас ғалым

Сөйлесiн ендi бiздiң Алмат шығып.

 

Төрекемдi журналист жақынымыз

Ардақтайтын әрқашан асылымыз.

Ал, Төке сөйлейтiн кезiң келдi

Жұбайларға арнашы сөзiңдi ендi.

 

Жолдас десе жолдасы

Сырлас десе сырласы.

Төрт жыл бiрге оқыған

Қатар құрбы-құрдасы.

Жалындаған жолы бар

Серiктiң сәнi бар,

Асқақтаған әнi бар.

 

Құрметтi құдалар

Сiздермен ел құралар.

Ескi құда Әзiмжан

Ақ көңiлi жаз екен

Тост айтсын деп өзiне

Құдаға бiр кез етем.

 

Құрманның Патима

Жақсы көрген жеңгесi

Бiр өзiне тек емес

Жеңгелердiң өзгесi.

Патима бiздiң төремiз

Бәрiмiз жақсы көремiз.

Той үстiнде Патеке

Сөйлесiн деп кезек беремiз.

 

Аққошқардан арнап сәлем әкелген

Абысындар ортасынан жiберген

Құрман үшiн Алма-Атаға келiптi

Ал Әсия, сөз сөйле деп саған бердiк ерiктi.

 

P.S. Бiздiң тойды басқарған Бақыт ағаға ризашылығымызды бiлдiрiп, рахметiмiздi айтамыз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған