АШАНҒА

162 рет оқылды

АШАНҒА

 

Қабылда сәлем Ашеке,

Туған бажаң Жұманнан,

Шыр етiп жерге түскенде,

Ата-ана бiзге қуанған.

Сол аталық бiзге кей,

Бiзден де бөбек жуанған.

Басы жұмыр пендемiз,

Жазылғанға пәк болып,

Бәрiне де жұбанған.

Қуаныш-қайғы ол мирас

Ата менен бала боп,

Олардан бала туғаннан.

Арттары болсын жақсылық,

Ажырапсын жақында,

Жұбайың мен анаңнан.

Күннiң көзi жарқырап,

Ажырағандай тұманнан,

Жақсылыққа кез болып,

Боларсың тағы қуанған

От анадан туады,

Тумайды тұлпар өзiнше,

Жабай – жабы құнаннан.

Тайы қалса биенiң,

Ат болат деп ертеде,

Талай жандар қуанған.

Сол сияқты Ашеке,

Құлыны қалды Жәмiштiң

Тәрбиеле  ерiнбей,

Су iшкiзiп қуаңнан.

Қуаң дәрия қасыңда,

Берекесi басында,

Сенде жетiм өскенсiң

Атаңнан қалып жасыңда

Табиғаттың  заңдары,

Әркiмге сондай  кез болат.

Күштiлер кисе асылдан,

Күшсiздiкi бөз болат.

Күтпесеңiз күмiсте,

Татқа айналып жез болат.

Күтiмдi болса молдағы,

Қажетке жарап тез болат.

Қандай ердiң сыртында

Жақсылы-жаман сөз болат.

Пiшулi тоны үстiнде,

Сын беретiн кез болат,

Басы жұмыр пендеге,

Нелер қиын кез болат.

Мұндайды жеңу әдетте,

Адамзаттың мiндетi,

Кез болған сiзге қиындық,

Табиғаттың iндетi.

Ешкiм ара тұрмайды,

Алам деп келсе жәннеттi.

Қуанышқа ойын аш,

Құрманыңда кеп қапты,

Мұсылмандық сүндетi.

Отырғызсаң сүндетке,

Отыру оның мiндетi.

Атасынан аумаған,

Дене, тұлға, шын бетi.

Осының бәрi қуаныш,

Өзiң түгiл өзiме,

Бiраз нақыл мен айттым.

Түсiне қойсаң сөзiме

Менде сендей қайғырдым,

Ұлбос қуа сөзiме.

Жiбермейтiн Ұлбосты,

Қалыппын елдiң сөзiне,

Ондай надан мен емес,

Шегiнетiн кеңсiне.

Орынды жерде орным бар,

Лайықты өзiме.

Орынсыз жерден қашамын,

Сұқсада ине көзiме.

Кiмдер айтса өсектi,

Бiзге келген қайғылар,

Соның келсiн өзiне,

Осылай деп айтуды,

Лайық көрдiм басыма,

Өсектеген кiсiнiң,

Сондай қайғы тап болсын

Дәл өзiңнiң басына.

 

 

***

 

Молдиман оқып берер жазғанымды,

Айтпаймын кейбiреуден озғанымды.

Өмiрлiк кетпейтұғын бақ тұрмайды,

Сөкпеңiз айтыпсың деп озғанымды.

Елудiң екеуiне менде келiп,

Өзiмдi сезiп жүрмiн тозғанымды.

Арман жоқ табиғаттың бұл да заңы,

Сеземiн кәрiлiкке, қол созғанымды.

Балалар аман-есен өсiп жетсе,

Өзiмдей жегжатыңа қозғалымды.

Арман жоқ осы айтқанның бәрi болса,

Кетермiн ұмытып-ақ тозғанымды.

Алмат пен Алмас, Жалғас, Таластарым,

Бөтен жоқ iштерiңде қаластарың.

Құрманды қауымыңа сендер алып,

Көбейсе туыспенен жолдастарың.

Күтсеңдер бiр-бiрiңдi тату болып,

Осындай қызық бiзге сыйласқаның.

Балаларым осы айтқанның бәрiн iсте,

Үлкеннен үлгi алып, болса арың.

Ашекең сонда риза өздерiңе,

Ұйымшыл болсаң сүйтiп түгел бәрiң.

Табиғат бұл тiлектiң бәрiн берсе,

Айтпаймыз бiзде бар деп көңiл жарым,

Сол кезде тiрi болсақ бiз толамыз,

Сендердiң соңына ерге болып нарық.

 

 

***

 

Жамалды қалай бүгiп алып қалам,

Қолдағы кiнәлi ме жазған қалам?

Ерекше Жамалымның орны бөлек,

Төрт ұлдан бұрын туған нашар балам.

Дүниенiң ең қызығы осы емес пе?

Жаралып өз қаныңан туған балаң.

Сақтаңыз осы хатты Құрманыңа

Жүрсiн де жазыпты деп Жұман ағам.

Тәрбие жасқа, жастан бiзге мiндет,

Жiбермей қатарынан кейiн жаман.

Ойланшы тәрбиенi  кәйтiп бердi,

Балдарға, өтiп кеткен Жәкең ағаң,

Ол дағы осындайда тiлге тиек

Кез болған қиындыққа саған қонған.

Ал сөзден көп мағына деген бар ғой,

Осымен сөз аяғы болсын тамам.

Ақындық менде жоқ ед көп қиналдым,

Құра деп қинағансоң бала-шағам.

Заказы балдызыңның осы болды,

Болсын деп маған риза  Ашан ағам.

Осының бәрi Құрман сен үшiн ғой,

Жазушы осы өлеңдi Жұман ағаң.

 

                       май 1963 жыл.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған