Бүгінде шағын-орта бизнестің дамуына не кедергі? (Видео)

229 рет оқылды

Шағын орта бизнесті дамыту үшін ең әуелі, осы салаға халқымызды дайындау керек. Елімізде шағын-орта бизнесті негізінен өзге ұлттар жүргізуде. Қазақтың бұл салаға бірден кіруіне тосалғы болып отырғаны _ қазақтың ақкөңіл, қонақжайлылығы, мақтаншақтығы, көреалмаушылығы, тойшылдығы мен дарақылығы. Бұған мысал, қазақтың кредит алып той жасауы. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады» дегендей, өсіп келе жатқан ұрпақты ел дамуының тірегі болған классикалық экономикалық ұғымдармен емес, қайта той-томалақтар, әнші-күйшілер жайлы әңгімелермен ғана тәрбиелеп келе жатырмыз. Бұл дұрыс емес. Біз келешекке керекті технократты жастарды тәрбиелеп шығуымыз керек. Сонда ғана біз шет жақтан инвестиция және мамандар тартпай ақ, ұланқайыр даламыздағы қазба байлықты емін-еркін өзіміз меңгере аламыз.
Құрманғали Ашанұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған