Ана тілсіз мемлекет болмайды(видео)

239 рет оқылды

Құдайға шүкір! Бабаларымыз аңсаған егемендікке қол жеткіздік. Кез келген қазақ кез келген жерде мәдениетті түрде қазақша сөйлеуге міндетті. Ол біздің Ата-заңымызда жазылған. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір азаматтың міндеті __ Тәуелсіз Қазақстанға үлесін қосу. Еліміздің дамуына не қостым деген сауалды әрбір азамат күн-түні ойланатын болуы керек. Бәйтеректің тамыры мықты болса, ол қашан да мызғымайды. Төмендегі жұрт _ Халық, ол __ бәйтеректің тамыры іспетті. Ал, бәйтеректің жапырағы бірде солады, бірде толады. Бірақ, тамыр қашан да өз орнында қалады. 300 жылда Ресейдің ақ патшасы, 70 жыл бойы қызыл коммунистер жоя алмаған ана тіліміз енді егемендік алған елде жойылмайтынына мен сенімдімін. Сондықтан, кез келген салада қазақша сөйлейік, ағайын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған