Бата беруге кім лайық? (видео)

330 рет оқылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» . Бұл халқымыздың ықылым заманнан келе жатқан аса терең мағыналы нақыл сөзі. Шынында, дұрыс дарыған аса қасиетті батаның арқасында бабаларымыздың, батырларымыздың,  ел билеген ағаларымыздың өмірде, жорықта жолдары ашық болып отырған. Батаны тек қана беделді, текті, аузы дуалы, басына бақ қонған батагөй қариялар ғана беріп отырған. Оған тарихи оқиғалардан мыңдаған мысалдар табылады. Біздің тоқтал
ғалы отырған мәселеміз,  кешегі Совет үкіметінен қалған, өз кезінде дінді жойған, батаны жойған, ұлттық мүддеге қарсы жұмыс істеген қызыл коммунистер бұл күнде жастарға бата беріп отыр. Енді оларды бұрынғы өткен абыз аталарымызбен салыстыруға бола ма?  бұлардың ауылда, ауданда, қалада халық алдында абыройлары аз ғой. Бұған сіздер қалай қарайсыздар? Қызықты, тартысқа толы тікелей эфирдегі талқыны төмендегі сұқпаттан көре аласыздар!

СТВ теле-арнасы “кешжарық” бағдарламасының жүргізушісі, журналист Олжас Уәлидің мамандармен тікелей эфирдегі сұқпаты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған